Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Маңғыстау облысы полиция департаментінің 14 қызметкері ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару бойынша арнайы оқу курсынан өтті. Оқу 9–16 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің ішкі істер органдарын цифрландыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасы аясында ұйымдастырылды. Курс барысында […]
19 Қазан 2026 ж., 10:12 жарияланған 14
Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің 14 қызметкері ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару бойынша арнайы оқу курсынан өтті.
Оқу 9–16 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің ішкі істер органдарын цифрландыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.
Курс барысында полиция қызметкерлері дрондарды басқару, оларды қауіпсіз пайдалану және қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолдану бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерді.
Бұл бастама полиция жұмысының тиімділігін арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.
Оқу қорытындысы бойынша курсты сәтті аяқтаған 14 полиция қызметкеріне арнайы сертификаттар табысталды.
Маңғыстау облысы полиция департаменті қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және заманауи технологияларды қызметте қолдану бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ақтауда “Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі” тақырыбында марафон өтті | 0 | 13.9 | 19-10-2026 |
| 2 | Алматы облысында полиция қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берді | 0 | 20.03 | 19-10-2026 |
| 3 | Жетісу облысының тұрғындарына интернет-алаяқтықтан сақтану бойынша 2 мыңнан астам жадынама таратылды | 0 | 21.99 | 19-10-2026 |
| 4 | Қауіпсіздік қызметіндегі цифрлық технологиялар: ШҚО-да қандай жаңашылдықтар енгізілуде | 0 | 18.9 | 17-10-2026 |
| 5 | Түркістан облысында 22-ші “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды | 0 | 19.17 | 20-10-2026 |
| 6 | Астанада "Kazakhstan Prevention Days – 2026" ауқымды жобалар көрмесі өтті | 0 | 18.4 | 19-10-2026 |
| 7 | Астанада алаяқтыққа қатысы бар күдікті қолға түсті | 0 | 19.17 | 19-10-2026 |
| 8 | Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді | 0 | 16.84 | 21-09-2026 |
| 9 | Полиция павлодарлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды | 0 | 16.54 | 21-09-2026 |
| 10 | Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді | 0 | 19.96 | 21-09-2026 |