Өскемен жоғары политехникалық колледжінде ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері студенттермен профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Онда қылмыстың аса қауіпті түрлерінің бірі – адам саудасының алдын алу мәселелері талқыланды. Полиция қызметкерлері қылмыскерлердің адамдарды заңсыз әрекеттерге қалай тартуы мүмкін екенін, жұмысқа орналасу және шетелге шығу кезінде қандай жайттарға назар аудару керектігін, сондай-ақ […]
Өскемен жоғары политехникалық колледжінде ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері студенттермен профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Онда қылмыстың аса қауіпті түрлерінің бірі – адам саудасының алдын алу мәселелері талқыланды.
Полиция қызметкерлері қылмыскерлердің адамдарды заңсыз әрекеттерге қалай тартуы мүмкін екенін, жұмысқа орналасу және шетелге шығу кезінде қандай жайттарға назар аудару керектігін, сондай-ақ қандай жағдайлардан сақ болу қажет екенін түсіндірді.
Жеке қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылық мәселелеріне де ерекше тоқталды. Студенттерге жұмыс беруші мен еңбек жағдайларын алдын ала тексеру, бейтаныс адамдарға құжаттары мен жеке деректерін бермеу, сондай-ақ күмәнді жағдайға тап болған кезде көмек сұраудан тартынбау қажеттігін айтты.
Кездесу соңында полицейлер сұрақтарға жауап беріп, қауіп төнген немесе құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуге болатынын түсіндірді.
Адам саудасының алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесулер облыстың білім беру ұйымдары мен тұрғындары арасында жалғады.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Бірнеше ақпараттық порталда тілші болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда "Polisia.kz" сайтының шеф-редакторы.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді | 0 | 16.84 | 21-09-2026 |
| 2 | Полиция павлодарлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды | 0 | 16.54 | 21-09-2026 |
| 3 | Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді | 0 | 15.41 | 21-09-2026 |
| 4 | Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді | 0 | 12.87 | 21-09-2026 |
| 5 | Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті | 0 | 17.78 | 14-08-2026 |
| 6 | Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет? | 0 | 18.89 | 14-08-2026 |
| 7 | Шымкентте жас сақшыларға тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырылды | 0 | 19.99 | 21-09-2026 |
| 8 | Павлодарда полицейлер 30-дан астам пәтер ұрлығын ашты | 0 | 19.59 | 21-09-2026 |
| 9 | Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды | 0 | 17.52 | 21-09-2026 |
| 10 | Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді | 0 | 15.09 | 15-08-2026 |