Тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, мүлікті ұрлаудың алдын алу және оның жолын кесу полиция қызметінің маңызды әрі өзекті бағыттарының бірі болып қала береді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Азаматтардың жеке мүлкін ұрлауға баратын адамдар тұрғын үйге құлыпты бұзу, кілт таңдау, терезе арқылы кіру, пластикалық терезелерді күшпен ашу жолымен енеді. Олар өздерімен бірге алып кете алатын бағалы заттардың […]
Тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, мүлікті ұрлаудың алдын алу және оның жолын кесу полиция қызметінің маңызды әрі өзекті бағыттарының бірі болып қала береді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың жеке мүлкін ұрлауға баратын адамдар тұрғын үйге құлыпты бұзу, кілт таңдау, терезе арқылы кіру, пластикалық терезелерді күшпен ашу жолымен енеді. Олар өздерімен бірге алып кете алатын бағалы заттардың барлығын, соның ішінде зергерлік бұйымдар, аң терісінен жасалған бұйымдар, басқа да құнды заттар мен ақшаны алып кетеді.
Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 35 пәтер ұрлығы тіркелген. Полиция департаментінің жедел қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде оның 32-сі ашылды.
Пәтер ұрлығының басым бөлігі тұрғындар жұмыста немесе қала сыртында болған күндізгі уақытта жасалады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға, дәліздер мен кіреберістерді бейнебақылау камераларымен жабдықтауға, есіктерді берік құлыптармен күшейтуге және есікті тіпті қысқа уақытқа да ашық қалдырмауға кеңес береді.
Мүлікті қорғаудың тиімді тәсілдерінің бірі – күзет дабылын орнатып, пәтерді күзет пультіне қосу.
Сонымен қатар ұрлықтың алдын алудың тексерілген әрі тиімді әдістерінің бірі – көршілермен жақсы қарым-қатынас орнату. Бұл қала сыртына немесе ұзақ уақытқа кеткен жағдайда, пәтерге мүмкіндігінше бақылау жасап тұруға мүмкіндік береді.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Полиция павлодарлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды | 0 | 16.54 | 21-09-2026 |
| 2 | Елордада түнгі отшашу тұрғындардың тыныштығын бұзды: құқық бұзушы қамауға алынды | 0 | 19.34 | 21-09-2026 |
| 3 | Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді | 0 | 15.41 | 21-09-2026 |
| 4 | Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді | 0 | 19.96 | 21-09-2026 |
| 5 | Департамент полиции Алма-Аты сообщил, что работает в штатном режиме | 0 | 0 | 05-01-2022 |
| 6 | Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды | 0 | 17.52 | 21-09-2026 |
| 7 | Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді | 0 | 16.84 | 21-09-2026 |
| 8 | Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекетін тоқтатты | 0 | 17.99 | 21-09-2026 |
| 9 | Павлодарда қызметтік иттердің көмегімен 129 қылмыс ашылды | 0 | 5 | 03-07-2026 |
| 10 | В Алма-Ате полиция проводит точечные жесткие задержания | 0 | 0 | 10-01-2022 |