Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды

Дата публикации: 21-09-2026 05:37:06

Жетісу облысында демалыс күндері мас күйінде көлік басқарған алты жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Жетісу облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтау мақсатында профилактикалық рейдтер өткізді. Демалыс күндері полицейлер жол жүрісі қағидаларын бұзудың 117 дерегін анықтады. Әсіресе, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды

Жетісу облысында демалыс күндері мас күйінде көлік басқарған алты жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтау мақсатында профилактикалық рейдтер өткізді.

Демалыс күндері полицейлер жол жүрісі қағидаларын бұзудың 117 дерегін анықтады. Әсіресе, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жүргізушілерге ерекше назар аударылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында мас күйінде көлік басқарған алты жүргізуші көлік құралын басқарудан шеттетілді. Сонымен қатар автокөліктердің техникалық жай-күйіне қатысты 13 құқық бұзушылық және көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың 11 дерегі анықталды.

Көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін 15 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 21 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ жол белгілерінің талаптарын бұзудың 18 дерегі тіркеліп, көлік құралын басқару құқығы жоқ екі жүргізуші анықталды. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзудың 12 дерегі тіркелді.

Профилактикалық рейдтердің басты мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау.

Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Мас күйінде көлік басқару, рөлде отырып телефон пайдалану және жол белгілерінің талаптарын елемеу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

Жол қауіпсіздігі – әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігі!

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Полиция павлодарлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды016.5421-09-2026
2Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді016.8421-09-2026
3Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді0702-07-2026
4Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді015.4121-09-2026
5Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекетін тоқтатты017.9921-09-2026
6Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді012.8721-09-2026
7Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді019.9621-09-2026
8Павлодарда полицейлер 30-дан астам пәтер ұрлығын ашты019.5921-09-2026
9Жетісу облысында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық рейд өтті0502-07-2026
10"Пышақпен шабуыл жасамақ болды": Алматыда автобуста төбелескендер ұсталды01021-08-2026

Классификация: Происшествия. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 17.52. Источник: polisia.kz.