Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекетін тоқтатты

Дата публикации: 21-09-2026 05:01:48

Аршалы ауданында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Г. есімді азамат басқарған ГАЗель автокөлігін тексеру кезінде қызметтік ит Айза артқы көріністі көрсететін айнаның оң жақ тұсында күмәнді заттың болуы мүмкін екені туралы белгі берді. […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекетін тоқтатты

Аршалы ауданында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Г. есімді азамат басқарған ГАЗель автокөлігін тексеру кезінде қызметтік ит Айза артқы көріністі көрсететін айнаның оң жақ тұсында күмәнді заттың болуы мүмкін екені туралы белгі берді.

Тексеру барысында айна қуысының ішінен жасыл түсті, өзіне тән иісі бар зат салынған жасырын орама табылды.

Тексеру тобының құрамында ефрейтор Тимур Қожабеков пен кинолог Береке Дөненбай қызмет атқарды. Олардың үйлесімді әрекетінің арқасында күмәнді түйіншек дер кезінде анықталып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы және құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында.

Ұлттық ұландықтар ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, режимдік объектілерге тыйым салынған заттар мен басқа да бұйымдарды жеткізу әрекеттерінің жолын кесу бойынша тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдайды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Бірнеше ақпараттық порталда тілші болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда "Polisia.kz" сайтының шеф-редакторы.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды017.5221-09-2026
2Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді016.8421-09-2026
3Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді015.4121-09-2026
4Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді012.8721-09-2026
5Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді015.0915-08-2026
6Елордада түнгі отшашу тұрғындардың тыныштығын бұзды: құқық бұзушы қамауға алынды019.3421-09-2026
7Қазақстанда құлаған дрондардың қайдан келгенін арнайы комиссия тексеріп жатыр 09.808-04-2026
8Павлодарда полицейлер 30-дан астам пәтер ұрлығын ашты019.5921-09-2026
9Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде016.214-08-2026
10Қостанайда жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті016.5614-08-2026

Классификация: Космос. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 17.99. Источник: polisia.kz.