Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде

Дата публикации: 14-08-2026 15:21:29

Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде, — деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласы полиция департаментінің басшылық және жеке құрамына заманауи жасанды интеллект технологияларын меңгеруге арналған екі күндік семинар-тренинг өткізілді. Оқу Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базасында Цифрлық үкіметті қолдау орталығының ұйымдастыруымен өтті. Курс барысында қатысушылар жасанды интеллект негіздерімен, заманауи технологиялармен және олардың даму бағыттарымен […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде

Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің басшылық және жеке құрамына заманауи жасанды интеллект технологияларын меңгеруге арналған екі күндік семинар-тренинг өткізілді.

Оқу Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базасында Цифрлық үкіметті қолдау орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Курс барысында қатысушылар жасанды интеллект негіздерімен, заманауи технологиялармен және олардың даму бағыттарымен танысып, ІІМ қызметінде, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау саласында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

Оқу барысында практикалық бағытқа ерекше мән берілді. Қызметкерлер заманауи жасанды интеллект құралдарын және оларды қызметтік, талдамалық әрі басқарушылық міндеттерді шешуде пайдалану мүмкіндіктерін меңгерді. Қатысушылар практикалық және тактикалық кейстерді талдап, түрлі қызметтік жағдайларды модельдеді, сарапшыларға сұрақтар қойып, алған білімдерін іс жүзінде пысықтады.

— Бүгінде жасанды интеллект жай ғана заманауи технология емес, қызметтік жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін едәуір өзгерте алатын тиімді құралға айналып келеді. Полиция үшін бұл, ең алдымен, үлкен көлемдегі ақпаратты жедел талдауға, басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға және жұмыс процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің міндетіміз – қызметкерлерді жасанды интеллект мүмкіндіктерімен таныстыру ғана емес, сонымен қатар бұл технологияларды сауатты әрі жауапкершілікпен, ішкі істер органдары қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып қолдануға үйрету, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов.

Оқу бағдарламасының жеке бөлігі жасанды интеллектті талдамалық және басқарушылық міндеттерді шешуде практикалық қолдану мәселелеріне арналды. Жекелеген процестерді автоматтандыру, ақпаратты дайындау және талдау, деректермен жұмыс істеу, сондай-ақ түрлі қызметтік жағдайларда тиімді шешімдер іздеу мүмкіндіктері қарастырылды.

Мұндай оқыту ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығын жетілдірудегі жаңа кезеңнің бірі болып отыр. Себебі цифрлық құзыреттер мен заманауи технологияларды тиімді пайдалану дағдылары қызметтік жұмыстың күнделікті бөлігіне біртіндеп айналуда.

Екі күндік оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға курстан өткенін растайтын сертификаттар табысталды.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет?018.8914-08-2026
2Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті017.7814-08-2026
3Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды016.7614-08-2026
4Елордада полиция әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды016.714-08-2026
5Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді016.2515-08-2026
6Қызылордада жазасын өтеуші әйелдер арт-терапия тренингіне қатысты020.0114-08-2026
7Атырауда полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді017.6115-08-2026
8Қостанайда жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті016.5614-08-2026
9Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді015.0915-08-2026
10Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті5730-06-2026

Классификация: Наука. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 16.2. Источник: polisia.kz.