Жамбыл облысында полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда жаңа тәсілдерді қолдануда. Оперативтік жағдайды талдау арқылы құқық бұзушылық қаупі жоғары аумақтар, жастар көп жиналатын орындар мен оқу орындары анықталып, арнайы “тәуекел карталары” әзірленді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Осы мәліметтер негізінде патрульдік полицияның бағыттары қайта қаралып, әсіресе кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ жастар арасында құқық бұзушылық […]
Жамбыл облысында полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда жаңа тәсілдерді қолдануда. Оперативтік жағдайды талдау арқылы құқық бұзушылық қаупі жоғары аумақтар, жастар көп жиналатын орындар мен оқу орындары анықталып, арнайы “тәуекел карталары” әзірленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы мәліметтер негізінде патрульдік полицияның бағыттары қайта қаралып, әсіресе кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ жастар арасында құқық бұзушылық жиі тіркелетін күндері патрульдеу күшейтілді.
Жыл басынан бері түнгі уақытта балалардың заңды өкілдерінсіз жүруіне жол берген 6629 ата-ана мен 217 ойын-сауық нысанының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция рейдтері барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлар дер кезінде анықталып, тиісті шаралар қабылдануда.
Профилактика тек рейдпен шектелмейді. Полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарымен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, тәуекел тобындағы балалармен және отбасылармен мекенжайлық жұмыс жүргізуде. Балаларды спорт секцияларына, үйірмелерге және қоғамдық жұмыстарға тартуға басымдық берілуде.
Жыл басынан бері жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен зорлық-зомбылыққа жол бермеу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 6 мыңнан астам түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар өткізілді.
Сонымен қатар полиция әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа тұрақты мониторинг жүргізеді. Балалар арасындағы жанжал, буллинг немесе зорлық-зомбылық белгілері бар ақпарат анықталған жағдайда, ол бірден тексеріліп, тиісті шаралар қабылданады.
Полицияның ұстанымы айқын: қылмыс болғаннан кейін әрекет етуден гөрі, оның алдын алу маңызды. Ал баланың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Павлодар облысында жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмыстары жүргізілді | 0 | 15.09 | 15-08-2026 |
| 2 | Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды | 0 | 16.76 | 14-08-2026 |
| 3 | Алматыда полицейлер жасанды интеллект технологияларын меңгеруде | 0 | 16.2 | 14-08-2026 |
| 4 | Елордада полиция әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды | 0 | 16.7 | 14-08-2026 |
| 5 | Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті | 0 | 17.78 | 14-08-2026 |
| 6 | Атырауда полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді | 0 | 17.61 | 15-08-2026 |
| 7 | Қостанайда жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті | 0 | 16.56 | 14-08-2026 |
| 8 | Атырау облысы ПД бастығы аудандағы полиция бөлімдерінің жұмысын тексерді | 0 | 16.25 | 15-08-2026 |
| 9 | Жыртық аяқ киім | 0 | 23.3 | 22-04-2021 |
| 10 | Қызылордада жазасын өтеуші әйелдер арт-терапия тренингіне қатысты | 0 | 20.01 | 14-08-2026 |