Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді

Дата публикации: 21-09-2026 05:19:36

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді, — деп хабарлайды Polisi.kz. Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде облыс прокуратурасы өкілдерімен бірлесіп профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандар үшін профилактикалық экскурсия өткізілді. Іс-шараға 11-ден 16 жасқа дейінгі 30-ға жуық оқушы қатысты. Кездесудің басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың […]

Основное содержимое страницы с новостью.

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді

21 Қыркүйек 2026 ж., 10:19 жарияланған 9

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді, — деп хабарлайды Polisi.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде облыс прокуратурасы өкілдерімен бірлесіп профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандар үшін профилактикалық экскурсия өткізілді. Іс-шараға 11-ден 16 жасқа дейінгі 30-ға жуық оқушы қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық және әлеуметтік салдарын түсіндіру.

Экскурсия барысында оқушылар жазасын өтеп жатқан адамдардың ұсталуы жағдайларымен, белгіленген күн тәртібімен және сотталғандардың күнделікті өмірінің ерекшеліктерімен танысты.

Кездесу барысында жасөспірімдердің сотталғандармен тікелей қарым-қатынас жасауына ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар жазасын өтеп жатқан адамдардың өмірлік оқиғаларын тыңдап, олардың жасаған қателіктері және бір ғана ойланбай жасалған әрекеттің адамның болашағына, жақындарымен қарым-қатынасына және алдағы жоспарларына қаншалықты әсер етуі мүмкін екендігі туралы білді.

– Экскурсия маған үлкен әсер қалдырды. Бұған дейін бас бостандығынан айыру орындарын мүлде басқаша елестететінмін. Алайда мұнда бәрін өз көзіммен көріп, жазасын өтеп жатқан адамдардың шынайы өмірлік оқиғаларын тыңдаған кезде, ойланбай жасалған әрекеттің салдары қаншалықты ауыр болуы мүмкін екенін түсіндім. Әсіресе сотталғандармен болған әңгіме есімде қалды. Олар өз қателіктері туралы ашық айтып, бір дұрыс қабылданбаған шешімнің өмірлеріне, жақындарынан айырылуына және болашақ жоспарларына қалай әсер еткенін жеткізді. Осы кездесуден кейін мен өз іс-әрекеттерім туралы ойланып, әрбір шешім үшін жауап беру және заңды құрметтеу керектігін түсіндім. Менің ойымша, мұндай іс-шаралар жасөспірімдер үшін өте пайдалы. Себебі құқық бұзушылықтың салдары туралы жай ғана естіп қоймай, оны өз көзіңмен көріп, өзіңе қажетті қорытынды жасауға мүмкіндік береді, – деді экскурсияға қатысқан оқушы.

– Жасөспірімдер үшін заң мен жауапкершіліктің бар екенін білу ғана емес, құқыққа қайшы әрекеттердің нақты салдарын түсіну де маңызды. Бүгін олар жазаны өтеу жағдайларымен танысып, сотталғандардың жеке өмірлік оқиғаларын тыңдауға мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер бір ғана ойланбай жасалған шешімнің салдары, туған-туыстар алдындағы жауапкершілік және заңды сақтау қажеттілігі туралы ойлануға ықпал етеді. Біздің ортақ міндетіміз – құқық бұзушылықтың алдын ала алдын алу және жасөспірімдерге болашақта елеулі қателіктерге жол бермеуге мүмкіндік беретін дұрыс таңдау жасауға көмектесу, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Нұрболат Сапарғалиев.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді016.8421-09-2026
2Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді015.4121-09-2026
3Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді0702-07-2026
4Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді019.9621-09-2026
5Шымкентте жас сақшыларға тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырылды019.9921-09-2026
6Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды017.5221-09-2026
7Полиция павлодарлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды016.5421-09-2026
8Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекетін тоқтатты017.9921-09-2026
9Елордада түнгі отшашу тұрғындардың тыныштығын бұзды: құқық бұзушы қамауға алынды019.3421-09-2026
10Ақтауда есірткіге қарсы профилактикалық акция ұйымдастырылды0502-07-2026

Классификация: Общество. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 12.87. Источник: polisia.kz.