Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Жетісу облысының тұрғындарына интернет-алаяқтықтан сақтану бойынша 2 мыңнан астам жадынама таратылды

Дата публикации: 19-10-2026 11:20:50

Жетісу облысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz. Талдықорған қаласындағы коммуналдық базарға тұрғындар көп жиналатын күні полицейлер ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізді. Құқық қорғау қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына кеңінен таралған алаяқтық схемалары туралы айтып, алаяқтарды қалай тануға болатынын түсіндірді. Әсіресе, өзін банк немесе құқық […]

Основное содержимое страницы с новостью.

19 Қазан 2026 ж., 16:20 жарияланған 7

Жетісу облысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласындағы коммуналдық базарға тұрғындар көп жиналатын күні полицейлер ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізді. Құқық қорғау қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына кеңінен таралған алаяқтық схемалары туралы айтып, алаяқтарды қалай тануға болатынын түсіндірді.

Әсіресе, өзін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтардың қоңырауларына, жалған инвестициялық ұсыныстарға және күмәнді сілтемелерге ерекше назар аударылды. Азаматтарға SMS арқылы келетін кодтарды және банк картасының деректерін құпия сақтау, белгісіз шоттарға ақша аудармау, сондай-ақ кез келген ақпараттың шынайылығын тексеру қажеттігі ескертілді.

Акция аясында тұрғындарға интернет-алаяқтардан қорғану жолдары көрсетілген 2000-нан астам ақпараттық жадынама таратылды.

Полиция қызметкерлері адам көп жиналатын орындарда профилактикалық іс-шаралар өткізу арқылы тұрғындарды кеңінен қамтып, ықтимал қылмыстардың алдын алуды көздейді.

Полиция тұрғындарды қырағы болуға шақырады. Ақпаратты дер кезінде тексеру өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардан қорғауға, жинаған қаражатыңызды сақтауға көмектеседі.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды017.5221-09-2026
2Алматы облысында полиция қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берді020.0319-10-2026
3Жетісуда полиция қызметін жетілдіруге бағытталған басым міндеттер айқындалды016.7614-08-2026
4Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді016.8421-09-2026
5Павлодар облысында “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде017.8619-10-2026
6Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды018.415-10-2026
7Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді015.4121-09-2026
8Балалар үшін қауіпті орындар: нені ескеру қажет?018.8914-08-2026
9ШҚО-да "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда017.7719-10-2026
10Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті015.2619-10-2026

Классификация: Сибирь. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 21.99. Источник: polisia.kz.