Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Түркістан облысында 22-ші “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды

Дата публикации: 20-10-2026 06:06:21

Түркістан облысы Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында орналасқан №1 жалпы орта мектепте ішкі істер органдарының ардагері Әкімбай Шындалұлы Шындалиевтің есімі берілген облыстағы жиырма екінші “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер органдарында 25 жылға жуық абыройлы қызмет атқарған Әкімбай Шындалиев 1938 жылы Отырар өңірінде дүниеге келген. Қызмет барысында адалдығымен, кәсіби біліктілігімен танылып, […]

Основное содержимое страницы с новостью.

20 Қазан 2026 ж., 11:06 жарияланған 3

Түркістан облысы Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында орналасқан №1 жалпы орта мектепте ішкі істер органдарының ардагері Әкімбай Шындалұлы Шындалиевтің есімі берілген облыстағы жиырма екінші “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарында 25 жылға жуық абыройлы қызмет атқарған Әкімбай Шындалиев 1938 жылы Отырар өңірінде дүниеге келген. Қызмет барысында адалдығымен, кәсіби біліктілігімен танылып, ҚР ІІМ-нің үздік қызметкері атанған, бірқатар медальдармен марапатталған. 1994 жылы зейнетке шыққан. Ардагердің өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі кейінгі буынға үлгі болуы үшін полиция сыныбы салтанатты түрде ашылды.

Іс-шараға Түркістан облысы полиция департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Есенгелді Шалабаев, аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, Түркістан облысы бойынша ІІО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, полиция қызметкерлері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Салтанатты шара барысында жас сақшылар ант қабылдады. Қонақтар оқушылардың қолөнер көрмесін тамашалап, жаңа сыныптың ашылуына арналған лентаны қиды. Мерекелік бағдарлама мектеп оқушыларының концерттік қойылымдарымен жалғасты.

Түркістан облысында “Жас сақшы” сыныптарын ашу арқылы өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және “Заң мен Тәртіп” қағидатын нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді015.4121-09-2026
2Алматы облысында полиция қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берді020.0319-10-2026
3Жетісу облысының тұрғындарына интернет-алаяқтықтан сақтану бойынша 2 мыңнан астам жадынама таратылды021.9919-10-2026
4Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті015.2619-10-2026
5Қауіпсіздік қызметіндегі цифрлық технологиялар: ШҚО-да қандай жаңашылдықтар енгізілуде018.917-10-2026
6ШҚО-да "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда017.7719-10-2026
7Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды017.5221-09-2026
8Шымкентте жас сақшыларға тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырылды019.9921-09-2026
9"Анашым, қиын жағдайға тап болдым": полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті01012-08-2026
10Ақтауда “Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі” тақырыбында марафон өтті013.919-10-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 19.17. Источник: polisia.kz.