Ақтау қаласында Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен “Заң мен тәртіп — қауіпсіз қоғамның негізі” атты спорттық марафон өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шараның мақсаты — қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу. Марафонға полиция департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлері, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері, […]
19 Қазан 2026 ж., 11:25 жарияланған 13
Ақтау қаласында Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен “Заң мен тәртіп — қауіпсіз қоғамның негізі” атты спорттық марафон өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның мақсаты — қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу.
Марафонға полиция департаментінің басшылық құрамы мен қызметкерлері, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері, сондай-ақ спорт саласының өкілдері қатысты.
Іс-шараның ашылуында Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Мұқан қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың тәртіпті, төзімділік пен бірлікті қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
Жарыс барысында қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай үш санатқа бөлініп, жүгіруден өзара бақ сынасты. Марафон қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, барлық қатысушыға арнайы медальдар табысталды.

Аталған спорттық шара полиция қызметкерлері мен жастар арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеуге және қоғамда заң мен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. Бірнеше ақпараттық порталда тілші болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда "Polisia.kz" сайтының шеф-редакторы.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті | 0 | 15.26 | 19-10-2026 |
| 2 | Алматы облысында полиция қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берді | 0 | 20.03 | 19-10-2026 |
| 3 | Астанада "Kazakhstan Prevention Days – 2026" ауқымды жобалар көрмесі өтті | 0 | 18.4 | 19-10-2026 |
| 4 | Павлодар облысында “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде | 0 | 17.86 | 19-10-2026 |
| 5 | Жетісу облысының тұрғындарына интернет-алаяқтықтан сақтану бойынша 2 мыңнан астам жадынама таратылды | 0 | 21.99 | 19-10-2026 |
| 6 | ШҚО-да "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда | 0 | 17.77 | 19-10-2026 |
| 7 | Астанада алаяқтыққа қатысы бар күдікті қолға түсті | 0 | 19.17 | 19-10-2026 |
| 8 | Түркістан облысында 22-ші “Жас сақшы” полиция сыныбы ашылды | 0 | 19.17 | 20-10-2026 |
| 9 | В Грозном в марафоне "Знание. Первые" приняли участие более 1 тыс. студентов | 0 | 0 | 26-09-2025 |
| 10 | В Мелитополе прошёл спортивный забег в честь Дня физкультурника | 0 | 8.92 | 10-08-2026 |