Астана қаласының Алматы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен иемдену фактісін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz. Полицияға қала тұрғыны жүгініп, интернет-сервисінен шаңсорғышты жалға беру туралы хабарландыру тапқанын хабарлаған. Жарнама бойынша белгісіз ер адаммен байланысқа шыққан азамат оған шаңсорғышты жалға берген. Алайда ер адам сенімге кіріп, алдау жолымен шаңсорғышты иемденіп, оны қайтармаған. Осылайша, жәбірленушіге […]
Астана қаласының Алматы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен иемдену фактісін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қала тұрғыны жүгініп, интернет-сервисінен шаңсорғышты жалға беру туралы хабарландыру тапқанын хабарлаған. Жарнама бойынша белгісіз ер адаммен байланысқа шыққан азамат оған шаңсорғышты жалға берген.
Алайда ер адам сенімге кіріп, алдау жолымен шаңсорғышты иемденіп, оны қайтармаған. Осылайша, жәбірленушіге құны 360 мың теңге болатын Karcher шаңсорғыш түрінде материалдық залал келтірілген. Аталған қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатыстылығы тексерілуде.
Полиция азаматтарды интернет желісіндегі хабарландыруларға қатысты қырағы болуға, бейтаныс адамдарға мүлікті сеніп тапсырмас бұрын олардың жеке басын және мәміле шарттарын мұқият тексеруге шақырады.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 2 | Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды | 0 | 18.4 | 15-10-2026 |
| 3 | Алматы облысында полиция қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берді | 0 | 20.03 | 19-10-2026 |
| 4 | ІІМ: Шілденің алғашқы онкүндігінде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді | 0 | 5 | 13-07-2026 |
| 5 | Елордада полиция әлеуметтік сауалнама ұйымдастырды | 0 | 16.7 | 14-08-2026 |
| 6 | Рудныйда киберполицейлер алаяқтардың жоспарын бұзып, тұрғынның баспанасын сақтап қалды | 5 | 7 | 02-07-2026 |
| 7 | Қостанайда бұрынғы әйелін аңшылық қарумен қасақана атып өлтірген ер адам сотталды | 0 | 10 | 12-08-2026 |
| 8 | "Пышақпен шабуыл жасамақ болды": Алматыда автобуста төбелескендер ұсталды | 0 | 10 | 21-08-2026 |
| 9 | Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде | 0 | 16.62 | 15-10-2026 |
| 10 | Маңғыстау облысында полицейлер дрондарды басқару бойынша арнайы оқудан өтті | 0 | 15.26 | 19-10-2026 |