Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері блогерлермен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz. Рейд барысында полицейлер мен блогерлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жолда барынша мұқият болу және бір-біріне құрметпен қарау қажеттігін түсіндірді. Жүргізушілерге белгіленген жылдамдықты […]
21 Қыркүйек 2026 ж., 09:25 жарияланған 14
Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері блогерлермен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейд барысында полицейлер мен блогерлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жолда барынша мұқият болу және бір-біріне құрметпен қарау қажеттігін түсіндірді.
Жүргізушілерге белгіленген жылдамдықты сақтау, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзбау, қауіпсіздік белдігін тағу және қауіпті маневрлерге жол бермеу қажеттігі ескертілуде.
Ал жаяу жүргіншілерге жолдың жүріс бөлігін тек белгіленген орындардан кесіп өту, жолдан өтер алдында айналаға мұқият қарап, көлік қозғалысының қауіпсіз екеніне көз жеткізу және ұялы телефонға алаңдамау қажеттігі айтылды.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін сақтауға және жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігіне байланысты екенін есте ұстауға шақырады.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Павлодарда полицейлер 30-дан астам пәтер ұрлығын ашты | 0 | 19.59 | 21-09-2026 |
| 2 | Жамбыл облысында сотталғандарға құқықтық кеңес берілді | 0 | 16.84 | 21-09-2026 |
| 3 | Жетісу облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды | 0 | 17.52 | 21-09-2026 |
| 4 | Түркістан облысында шетел азаматтарының көші-қон тәртібі тексерілді | 0 | 15.41 | 21-09-2026 |
| 5 | Маңғыстауда оқушыларға самокатпен жүру мәдениеті түсіндірілді | 0 | 7 | 02-07-2026 |
| 6 | Өскеменде студенттерге адам саудасының қауіптері түсіндірілді | 0 | 19.96 | 21-09-2026 |
| 7 | Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жасөспірімдерге профилактикалық экскурсия өткізілді | 0 | 12.87 | 21-09-2026 |
| 8 | Ақтауда есірткіге қарсы профилактикалық акция ұйымдастырылды | 0 | 5 | 02-07-2026 |
| 9 | Тараз қаласы тұрғындарының назарына! | 0 | 20.35 | 17-10-2018 |