Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қосшыда 500 үй сібір жарасы қорымының жанында салынған: алаңдауға негіз бар ма

Дата публикации: 14-10-2026 05:28:00

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласындағы «Таза бұлақ» ауданында 500-ден астам үйдің сібір жарасы көмілген орынның жанында салынғаны туралы ақпарат тарады.  


Основное содержимое страницы с новостью.

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласындағы "Таза бұлақ" ауданында 500-ден астам үйдің сібір жарасы көмілген орынның жанында салынғаны туралы ақпарат тарады.  

Шенділер мен өңірдің бас ветеринарлық дәрігері қауіпті нысанның қай жерде орналасқанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Казинформ агенттігіне сілтеме жасап.

Қосшы қаласының әкімдігі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

– Қосшы қаласының "Таза бұлақ" ауданында есеп құжаттарында көрсетілген тіркелген нысан бар. Қолда бар деректерге сәйкес, бұл ошақ 1986 жылы 28 тамызда тіркелген, аумақ ауырған малдың ұшасын мүшелеген жер болған, – делінген хабарламада.

Тиісті нысанның санитарлық-қорғау аймағы мәселесінің өзіндік құқықтық тарихы бар. Бұған дейін ол Целиноград ауданы әкімдігінің 2010 және 2014 жылдардағы қаулыларымен белгіленген болатын. 2021 жылы бұл қаулылар прокуратураның шешімімен жойылды.

Әкімдіктің дерегінше, қазіргі уақытта аумаққа іргелес жерде 500-ден астам тұрғын үй орналасқан. 2021 жылдан бастап Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы көрсетілген нысанның санитарлық-қорғау аймағы шегінде тұрғын үй құрылысына, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, бағбандыққа және коммерциялық нысандарға жер учаскелері берілген жоқ.

– Қосшы қаласында сібір жарасы көмілген шартты аумақ өлшемі 3 × 5,5 метр болатын саркофаг түріндегі бетон құрылысымен қоршалған. Қоршауда "Сибирская язва" (Сібір жарасы) деген жазуы бар тақтайша орнатылған. Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті санитарлық-эпидемиологиялық қолайсыз пункттердің аумағында топырақ сынамаларын ала отырып, сібір жарасы көмілген белгілі орындарға жыл сайын мониторинг жүргізеді. Зертханалық зерттеу нәтижелері теріс, – деп атап өтті жергілікті билік.

Ақмола облыстық ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов Тайтөбе мен Қосшыда барлығы екі сібір жарасы қорымдары бар екенін түсіндірді.

– Қосшы аумағында 1986 жылғы сібір жарасы көмілген орын бар, ол Сарқырама өзеніне жақын жерде, тұрғын үйлерден 40-50 метр қашықтықта және "Таза бұлақ" демалыс аймағының жанында орналасқан. Кезінде ол жерде мал ұшасы мүшеленіп, терісі көмілген, кейін бұл малдың сібір жарасымен ауырғаны белгілі болды. Ветеринария қызметі бұл орынды сібір жарасы қорымы ретінде анықтады. 2021 жылы біз ол жерге бетон саркофаг жасадық. Ол жерден ешқандай сібір жарасы бациллалары шықпайды, ешқандай қауіп жоқ. Үйлер неліктен жақын салынып кеткен? Бұрын санитарлық-қорғау аймағы болған жоқ десе де болады және мұндай көршілес орналасуға рұқсат етілді. Кейін 1000 метрлік санитарлық-қорғау аймағы белгіленді, содан кейін біз бұл қорымнан 1000 метрден аз қашықтықта құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттарын бермейміз. Бірақ бұрын салынған нысандар сол жерде қалды. Іс жүзінде олар саркофагтың жанында орналасқан. Бірақ осыған дейін айтқандай, одан ешқандай қауіп жоқ, сондықтан алаңдауға негіз жоқ, – деді ол.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады08.6214-10-2026
2«Салмақ қосып жүрмін деп ойлаған»: Алматыда әйелдің ішінен 3 келілік ісік алынды012.614-10-2026
3Ресейде газ құбырында апат болды: Қазақстанға газ жеткізу жалғасып жатыр05.4614-10-2026
4Kazakhstan commissions nearly 10 mln sq m of housing in seven months014.3518-08-2026
5Талдықорғанда ұлттық жоба аясында 4,5 шақырым жылу желісі жаңартылды021.1114-10-2026
6Қайрат Нұртастың концертіндегі оқиға бойынша ұйымдастырушы үйқамаққа алынды01014-10-2026
7Kazakhstan allocates more than KZT617 billion in recovered assets to 500 regional infrastructure projects013.3718-08-2026
8Қорғаныс министрлігіндегі бюджет тиімділігін 61 аудитор тексеріп жатыр – Тәкиев 021.1613-10-2026
9Астанада шолу дөңгелегінде Шәмші Қалдаяқовтың суреті бейнеленді014.5516-08-2026
10Техническое состояние жилищного фонда улучшают в Актобе09.9823-09-2026

Классификация: В стране. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 11.04. Источник: inbusiness.kz.