Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қайрат Нұртастың концертіндегі оқиға бойынша ұйымдастырушы үйқамаққа алынды

Дата публикации: 14-10-2026 06:48:00

Прокуратура бұл шешімге шағым түсірмек.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Прокуратура бұл шешімге шағым түсірмек.  

Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде сегіз адамның зардап шегуіне байланысты концерт ұйымдастырушысы екі айға үйқамаққа алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласының прокуратурасы мәлім еткендей, тергеу органы күдіктіні қамауда ұстауды сұраған. Алайда тергеу судьясы бұл өтінішті қанағаттандырмай, оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Прокуратура сот шешіміне шағым түсіретінін хабарлады. Заңға сәйкес, прокурордың өтініші түскеннен кейін жоғары тұрған сот үш тәулік ішінде қаулының заңдылығы мен негізділігін тексереді. Апелляциялық тәртіппен қабылданған шешім жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді.

Бұған дейін концерт ұйымдастырушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Күдіктінің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 2-бөлігі бойынша сараланған. Бұл бап қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Еске салайық, 10 қазан күні кешке Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда Қайрат Нұртастың "Сахнада 20 жыл" атты концерті алдында кіреберісте адам шамадан тыс көп жиналған. Соның салдарынан сегіз адам медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлер олардың жетеуін тексергеннен кейін үйіне жіберді. Ал 18 жастағы қыз ауыр халде ауруханаға жатқызылды.

Полицияның алдын ала мәліметінше, сатылған билеттер саны стадионның белгіленген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Бұл көрермендердің қауіпсіздігіне қатер төндірген. 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Бас прокуратура Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жасады08.9221-08-2026
2Прокуратура проверяет информации о сносе дома ради концертного зала в Екатеринбурге0008-11-2018
3Прокуратура начала проверку по факту обрушения стены строящегося дома в Татарстане0027-04-2023
4На набережной Алушты обрушился причал0030-08-2025
5Қосшыда 500 үй сібір жарасы қорымының жанында салынған: алаңдауға негіз бар ма 011.0414-10-2026
6В Кызыле проверяют законность строительства многоквартирного дома на улице Кочетова05.7825-09-2026
7Роспотребнадзор возбудил дела после аншлага на концерте Хабиба в Татарстане0026-10-2021
8Прокуратура пресекла самовольный разбор зараженных конструкций на "Усольехимпроме"0026-01-2021
9В Башкирии возбудили дело о превышении полномочий при предоставлении жилья сиротам0031-07-2020
10Прокуратура предостерегла замглавы Екатеринбурга от нарушений при строительстве филармонии0003-12-2018

Классификация: Происшествия. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 10. Источник: inbusiness.kz.