Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Ресейде газ құбырында апат болды: Қазақстанға газ жеткізу жалғасып жатыр

Дата публикации: 14-10-2026 06:35:00

Пенза облысындағы магистральдық газ құбырында болған апат Қазақстанға газ жеткізуге әсер еткен жоқ.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Пенза облысындағы магистральдық газ құбырында болған апат Қазақстанға газ жеткізуге әсер еткен жоқ.  

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, ресейлік газ Қазақстанға қолданыстағы келісімшарттар аясында және өтінімдерге сәйкес үздіксіз келіп тұр. Ел аумағы арқылы Өзбекстанға да газ транзиті жоспарланған көлемде жүзеге асырылып отыр.

Энергетика министрлігі Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің жұмысында ауытқу тіркелмегенін атап өтті. Диспетчерлік арналар арқылы "Газпромнан" жеткізу режимін өзгертуге қатысты сұраныс түскен жоқ.

13 қазанда Ресейдің Пенза облысы Белинский ауданындағы Волчково ауылында апат болды. Магистральдық газ құбырында жарылыс болып, арты өртке ұласты. Ресей ТЖМ алдын ала мәліметтері бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Газпром трансгаз Саратов" мекемесі апатты учаскедегі өрттің өшірілгенін, ал тұтынушыларды қамтамасыз ету баламалы бағыттар арқылы ұйымдастырылғанын хабарлады. 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1В Казахстане сообщили о бесперебойных поставках газа после аварии в Пензенской области // Минэнерго Казахстана: ЧП на пензенском газопроводе не повлияло на поставки сырья05.6313-10-2026
2В Казахстане раскрыли последствия взрыва на российском газопроводе05.9213-10-2026
3Казахстан обсуждает возможность транзита российского газа в Узбекистан0016-05-2023
4Министрлік Қазақстан мұнайы қайта бағытталып жатыр деген сыбысқа жауап берді012.9419-08-2026
5Kazakhstan reroutes some oil exports over CPC disruption012.410-08-2026
6Путин: Россия рассматривает возможность поставлять больше газа в Казахстан0012-11-2025
7Уровень газификации планируют довести до 80% в РК0507-07-2026
8Бензин - под замок0507-07-2026
9Қосшыда 500 үй сібір жарасы қорымының жанында салынған: алаңдауға негіз бар ма 011.0414-10-2026
10Астана надеется на начало поставок российского газа в Казахстан в ближайшее время0023-04-2025

Классификация: Экономика. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 5.46. Источник: inbusiness.kz.