Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады

Дата публикации: 14-10-2026 04:50:00

Бірқатар облыста өрт қаупі де сақталады.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Бірқатар облыста өрт қаупі де сақталады.  

14 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, ал батыс өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. 

Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысы мен таулы аудандарында, сондай-ақ Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Таулы аудандарда тұман күтіледі.

Қызылорда облысының шығысында күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Алматы облысының шығысында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады. Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Абай облысының солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында күннің екінші жартысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Қарағанды қаласында күндіз желдің екпіні 15 м/с болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Тұман Көкшетау, Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында да болжанады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Атырау қаласында жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының орталығында күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін. Облыстың батысы мен орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Ақтау қаласында да желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының батысы, орталығы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі жарияланды.

Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде және Қарағанды облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының басым бөлігінде және Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қосшыда 500 үй сібір жарасы қорымының жанында салынған: алаңдауға негіз бар ма 011.0414-10-2026
2Туризмді дамыту тек жаңа қонақүйлер салумен немесе жол жөндеумен шектелмеуі керек0509-04-2026
3Қазақстанда алғаш рет Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды08.520-05-2026
4💡⛰️🐴🐎👩‍💻🇰🇿❤️ Казахстан. Горы. Здесь прекрасна Белуха. И Тянь-Шанские пики Хан-Тенгри, ...017.0714-08-2026
5Қазақстан Иранмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті0503-07-2026
6"Күн салқындайды": алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды01014-08-2026
7Жамбыл облысында жанар-жағармай тасыған жүк көлігі өртенді0528-06-2026
8Қорғаныс министрлігіндегі бюджет тиімділігін 61 аудитор тексеріп жатыр – Тәкиев 021.1613-10-2026
9Астанада шолу дөңгелегінде Шәмші Қалдаяқовтың суреті бейнеленді014.5516-08-2026
10Алматының үш ауданында жарық өшіп қалды015.6220-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 8.62. Источник: inbusiness.kz.