Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Ресейде биометриялық дерек жинау енгізілгелі бері 70 мың шетелдік елге кіргізілмеген

Дата публикации: 21-08-2026 03:35:00

Ресейде шекарадан өту үшін биометриялық дерек тапсыру сынағы енгізілгелі бері шамамен 70 мың шетел азаматына ел аумағына кіруге тыйым салынған. Мұны
Ресейдің ішкі істер министрлігі хабарлады.
Шекарадан өткенде биометриялық дерек тапсыру сынағы 2024 жылғы 1 желтоқсанда басталған, әуелі Мәскеудің Шереметьево, Домодедово және Жуковский әуежайларында, сонымен бірге Орынбор облысындағы Маштаково шекара бекетінде енгізілді. Маштаково бекеті Қазақстанның "Сырым" шекара бекетінің (Батыс Қазақстан...

Основное содержимое страницы с новостью.

Ресейде шекарадан өту үшін биометриялық дерек тапсыру сынағы енгізілгелі бері шамамен 70 мың шетел азаматына ел аумағына кіруге тыйым салынған. Мұны
Ресейдің ішкі істер министрлігі хабарлады.

Шекарадан өткенде биометриялық дерек тапсыру сынағы 2024 жылғы 1 желтоқсанда басталған, әуелі Мәскеудің Шереметьево, Домодедово және Жуковский әуежайларында, сонымен бірге Орынбор облысындағы Маштаково шекара бекетінде енгізілді. Маштаково бекеті Қазақстанның "Сырым" шекара бекетінің (Батыс Қазақстан облысы) қарсы бетінде орналасқан.

Кейіннен Мәскеудің Внуково әуежайында да биометриялық дерек жинау тәртібі енгізілді. Ресми мәлімет бойынша, содан бері осы аталған шекара бекеттері арқылы шамамен 14 миллион шетелдік азамат өткен.

"Олардың шамамен 70 мыңы Ресейге кіруге рұқсат етілмеген адамдар тізіміне енгізілді", – деп хабарлады Ресейдің ішкі істер министрлігі.

Министрлік мәліметі бойынша, биометриялық жүйе биылғы маусым айында тағы 11 жерде: Санкт-Петербург, Новосибирск, Красноярск, Екатеринбург, Алтай өлкесі, Иркутск, Қорған, Новосибирск, Саратов, Орынбор және Омбы облыстарындағы бақылау-өткізу бекеттерінде орнатылған.

  • Бұл сынақ Ресейдің цифрлық даму министрлігінің бастамасы бойынша қолға алынған еді. Министрлік егер ол сәтті деп танылса, осы ереже тұрақты түрде енгізілетінін айтқан.
Айдар

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Тәжікстанның арнайы қызметі Ауғанстанмен шекарадағы атыста 2 адам қаза болғанын айтты010.3822-08-2026
2Kazakhstan Expands Digital Water Management as Pressure on Resources Grows05.6404-08-2026
3Қазақстанда латынға көшуге бөлінген ақша бюджетке қайтарылды07.1621-08-2026
4ШҚО-да полиция ALTAI FEST қатысушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде0512-07-2026
5Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады0502-07-2026
6Бас прокуратура Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жасады08.9221-08-2026
7Тоқаев үндеу жасап, халықты сайлауда дауыс беруге шақырды01121-08-2026
8В Казахстане с 2027 года планируют ввести контроль за расходами государственных служащих0016-02-2022
9В Павлодарской области Казахстана удалось локализовать лесной пожар на площади 850 га0016-07-2023

Классификация: В стране. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 10.97. Источник: www.azattyq.org.