Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Тәжікстанның арнайы қызметі Ауғанстанмен шекарадағы атыста 2 адам қаза болғанын айтты

Дата публикации: 22-08-2026 04:38:11

Тәжік-ауған шекарасындағы атыс кезінде екі ауған азаматы қаза болды. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетіне сүйенген "Азия-Плюс" басылымының жазуынша, екі ер адам Хатлон облысындағы Фатхобод ауданында шекарадан кесіп өтпек болған.
Ведомствоның дерегінше, қаза болғандар Ауғанстанның Тахор провинциясының Имам Сахиб ауданына қарасты Барзанги ауылынан шыққан, олар есірткіні шекарадан жасырын өткізуге тырысып, қауіпсіздік күштеріне қарумен қарсылық көрсеткен. Атыс...

Основное содержимое страницы с новостью.

Тәжік-ауған шекарасындағы атыс кезінде екі ауған азаматы қаза болды. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетіне сүйенген "Азия-Плюс" басылымының жазуынша, екі ер адам Хатлон облысындағы Фатхобод ауданында шекарадан кесіп өтпек болған.

Ведомствоның дерегінше, қаза болғандар Ауғанстанның Тахор провинциясының Имам Сахиб ауданына қарасты Барзанги ауылынан шыққан, олар есірткіні шекарадан жасырын өткізуге тырысып, қауіпсіздік күштеріне қарумен қарсылық көрсеткен. Атыс кезінде екеуі де қаза болды. Ведомство оқиға нақты қай күні болғанын айтпады.

Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, оқиға орнынан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы және 17 келі гашиш салынған екі рюкзак табылған. Тәжікстанның арнайы қызметі басқа да заттар тәркіленгенін хабарлады, бірақ нақты қандай зат екенін айтпады, деп жазады басылым.

Ауғанстанды бақылайтын "Талибан" қозғалысының өкілдері оқиғаға түсініктеме бермеді.

13 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында Тәжікстанның есірткіге қарсы күрес агенттігінің (ДҚА) директоры Зафар Самад 2026 жылдың алғашқы алты айында тәжік-ауған шекарасында есірткі тасымалдаушылармен жеті қарулы қақтығыс болғанын, 17 ауған азаматы қаза болғанын айтты.

Самадтың айтуынша, шамамен 1400 шақырымға созылатын тәжік-ауған шекарасы арқылы есірткіні жасырын өткізу талпынысы жиі кездеседі.

Тәжікстанның есірткіге қарсы күрес агенттігінің мәліметі бойынша, тәжік құқық қорғау орган қызметкерлері соңғы алты айда осы аумақта 1513 келі есірткі тәркілеген. Ал былтыр осы аралықта 1692 келі есірткі тәркіленген.

Агенттіктің хабарлауынша, Ауғанстанда есірткі мен психотроптық заттар әлі де өндіріліп жатыр және оны дайындайтын астыртын зертханалар да істеп тұр.

Айдар

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Омбыдағы өрттен Қазақстан азаматы көз жұмды015.2619-08-2026
2Түркияда он шақты өзбек азаматы күмәнді қаржы операцияларына байланысты тергеліп жатыр06.2222-08-2026
3Шымкентте жасөспірімді пышақтап кетті01021-08-2026
4Ресейде биометриялық дерек жинау енгізілгелі бері 70 мың шетелдік елге кіргізілмеген010.9721-08-2026
5Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар013.7821-08-2026
6Полиция азаматтарды табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырады0502-07-2026
7"Атажұрт" белсендісі отырған камерада төбелес болғаны хабарланды. Түрме әкімшілігі жоққа шығарды09.3820-03-2026
8Қазақстанда құлаған дрондардың қайдан келгенін арнайы комиссия тексеріп жатыр 09.808-04-2026
9В Казахстане пока не рассматривают вопрос о приеме беженцев из Афганистана0018-08-2021
10Сайты ашылмайды, парақшасы бұғатталған. Азаттықты қайдан оқимыз?08.0121-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 10.38. Источник: www.azattyq.org.