Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстанда латынға көшуге бөлінген ақша бюджетке қайтарылды

Дата публикации: 21-08-2026 11:42:59

Қазақстанда латын әліпбиіне көшу үшін бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды. Бұған қоса, мемлекеттік мекемелер, жекеменшік бизнес орындарына латын қарпімен жазылған маңдайшаларды, ақпараттарды, билбордтарды орнату уақытша тоқтады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
Министрлік ақшаның қайтарылуын жұмыс жоспарының өзгеруімен түсіндіреді. Ал "орынсыз шығындар мен әріптік қателерді алдын алу үшін көрнекі ақпараттарды латын қарпімен жазуға шектеу қойылған".
Ведомство латын...

Основное содержимое страницы с новостью.

Қазақстанда латын әліпбиіне көшу үшін бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды. Бұған қоса, мемлекеттік мекемелер, жекеменшік бизнес орындарына латын қарпімен жазылған маңдайшаларды, ақпараттарды, билбордтарды орнату уақытша тоқтады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Министрлік ақшаның қайтарылуын жұмыс жоспарының өзгеруімен түсіндіреді. Ал "орынсыз шығындар мен әріптік қателерді алдын алу үшін көрнекі ақпараттарды латын қарпімен жазуға шектеу қойылған".

Ведомство латын қарпіне көшу жаңа әліпби мен емле ережелері бекітілген соң басталады дейді. Бұған қоса, әліпби жобасын Тіл білімі институты, "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және жоғары оқу орындарының ғалымдары пысықтап жатқаны айтылды.

ЛАТЫНҒА КӨШУ ИДЕЯСЫ ҚАШАН БАСТАЛҒАН ЕДІ?

2017 жылы елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латынға көшіруді тапсырған. Кейін елде әліпбидің бірнеше нұсқасы жарияланған еді. Ол "іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар 2025 жылға қарай латын әліпбиі шыға бастауға тиіс" деген.

2018 жылы ақпанда Назарбаев ерекше дыбыстарды белгілеу үшін диакритикалық таңдалар қолдануды ұсынған үшінші нұсқаны бекіткен еді. Бірақ бұл нұсқа қоғамда сынға ұшыраған. Осыдан соң елде мемлекеттік мекемелер, түрлі бизнес орындары маңдайшаларын латын қарпімен жаза бастаған.

2022 жылғы маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшу жөніндегі тіл реформасын жүргізуге "асықпау қажет екенін" мәлімдеген. Осыдан кейін елде латын қарпіне көшу жайлы талқы баяулады.

Батыс ақпарат құралдары Қазақстанның латын әліпбиіне көшу жоспарын "орыс әлемінен аулақтану" деп атаған еді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Отандық өндірісті дамыту және импортты алмастыру: Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда017.210-08-2026
2Қазақстанда алғаш рет Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды08.520-05-2026
3ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды0503-07-2026
4Қазақстандықтар Кореяда ресми түрде жұмыс істей алады – министрлік мәлімдеме жасады09.1814-08-2026
5 Comment on Астанада тегін қазақ тілі курсына тіркелу басталады by Шаридияр 010.3215-06-2026
6Қазақстан жылқы етіне арналған әлемдегі алғашқы стандартты әзірлеуді ұсынды08.9220-08-2026
7Казахстан направит 40,7 млрд тенге на разведку полезных ископаемых в течение трех лет07.5217-08-2026
8Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды0503-07-2026
9Азық-түлік сатып алар кездегі ақша үнемдеу жолдары017.4210-01-2024
10Ресейде биометриялық дерек жинау енгізілгелі бері 70 мың шетелдік елге кіргізілмеген010.9721-08-2026

Классификация: Экономика. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 7.16. Источник: www.azattyq.org.