Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Тоқаев үндеу жасап, халықты сайлауда дауыс беруге шақырды

Дата публикации: 21-08-2026 14:35:22

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21 тамыз кешкісін видеомәлімдеме жасап, халықты 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында дауыс беруге шақырды. Ол сайлау күнін "тағдыршешті сәт" деп атап, елдің келешегі "әр азаматтың саналы таңдауына байланысты болады" деді.
"Сайлауға қатысу дегеніміз – халықтың өз ықтиярын білдіру, ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық жауапкершілік таныту, ел игілігі үшін өнегелі іс жасау деген сөз. Дүниежүзінде миллиондаған адам өз сайлау құқығы үшін күресіп...

Основное содержимое страницы с новостью.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21 тамыз кешкісін видеомәлімдеме жасап, халықты 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында дауыс беруге шақырды. Ол сайлау күнін "тағдыршешті сәт" деп атап, елдің келешегі "әр азаматтың саналы таңдауына байланысты болады" деді.

"Сайлауға қатысу дегеніміз – халықтың өз ықтиярын білдіру, ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық жауапкершілік таныту, ел игілігі үшін өнегелі іс жасау деген сөз. Дүниежүзінде миллиондаған адам өз сайлау құқығы үшін күресіп жатыр. Қазақта "Келісіп пішкен тон келте болмас" деген мақал бар. Азаматтарды, әсіресе, жастарды сайлауға келіп, өз таңдауын жасауға, яғни Қазақстанның табысты дамуына үлес қосуға шақырамын" деді ол үндеуінде.

145 депутаттан құралатын Құрылтай сайлауына елде ресми тіркелген жеті партия "Ақ жол", "Ауыл", "Әділет", "Байтақ", ЖСДП, "Республика", "Қазақстан халық партиясы" қатысады. Ал сайлауға дейін елдегі оппозициялық топтар партия болып тіркеле алмады. Әділет министрлігі "Алға, Қазақстан", "Атажұрт", "Намыс", "Ел тірегі" сынды ұйымдардың құжаттары "талапқа сай емес" деп тіркемеді.

Сайлауды бақылап жүрген тәуелсіз ұйымдар да биылғы науқанды бақыламайтындарын мәлімдеген. Кейбір сарапшы бұл саяси науқан шынайы бәсекесіз өтіп жатыр деп, оған билікті сынап, балама пікір айтатын топтар қатыса алмайтынын айтқан. Билік сайлауға түсетін тараптарға тең құқық жасалған дейді.

Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) тамыздағы парламент сайлауы алдында Қазақстанда журналистер "бұрын-соңды болмаған" қысымға тап болып, қылмыстық қудалауға ұшырап, журналистикамен айналысу құқығынан айырылып жатқанын жазды. CPJ мәлімдемесінде "бұл репрессияға халықаралық бақылау керек" дейді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасайды04.9521-08-2026
2Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Абай күнімен құттықтады016.1410-08-2026
3Президент Казахстана: отрицать роль СССР в Победе — значит идти против истины0005-05-2020
4Токаев назвал предстоящие выборы новой вехой в истории Казахстана09.1121-08-2026
5Токаев поздравил казахстанцев с праздником Ораза айт0021-04-2023
6Токаев пообещал назначить вице-президента в течение десяти дней014.0123-08-2026
7Токаев назвал будущие выборы в Курултай самыми интересными011.5521-08-2026
8Руководство Казахстана сделало резонансное заявление о развитии страны012.0721-08-2026
9Қазба байлығы мол елдер үшін әлемдегі қазіргі ахуал тиімді – Тоқаев01020-08-2026
10Бас прокуратура Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жасады08.9221-08-2026

Классификация: Информация. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 11. Источник: www.azattyq.org.