Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Пайдалы кеңестер

Дата публикации: 01-10-2025 18:06:22


Пайдалы кеңестер қашан да артық болмайды деген оймен назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Оларды керегіңізге жаратарсыз деген үміттеміз. 1. Қолыңызға байқаусызда «момент» желімін жағып алсаңыз, оны маргариннің көмегімен кетіруге болады. Бар болғаны былғанған жерге жағып, бірнеше минут күту қажет. 2. Егер бөлмеңіздің ішінен жағымды иіс шыққанын қаласаңыз, лимонды суға салып қайнатыңыз. 3. Жиһаз бен есіктегі, терезедегі әкті […]
Сообщение Пайдалы кеңестер появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Пайдалы кеңестер қашан да артық болмайды деген оймен назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Оларды керегіңізге жаратарсыз деген үміттеміз.

1. Қолыңызға байқаусызда «момент» желімін жағып алсаңыз, оны маргариннің көмегімен кетіруге болады. Бар болғаны былғанған жерге жағып, бірнеше минут күту қажет.

2. Егер бөлмеңіздің ішінен жағымды иіс шыққанын қаласаңыз, лимонды суға салып қайнатыңыз.

3. Жиһаз бен есіктегі, терезедегі әкті кетіру үшін сірке қышқылын пайдаланыңыз.

4. Асхана орамалдарын 12 сағатқа ұйыған сүтке салып қойсаңыз, ол жақсылап жуылады.

5. Сүт піскен кезде төгілмесін десеңіз, пісіретін ыдыстың ішіне сары май жағыңыз.

6. Көкөністерді тамақтың суы қайнаған соң ғана салады.

7. Қызылшаны жиырма минут ыстық суда пісіріп, артынша суық суға салсаңыз, жылдам піседі.

8. Картопты тұзды суға салып қойсаңыз, жылдам аршылады.

9. Тұзды картопты қуырып болған соң салған жөн.

10. Бадана мен бұршақтың жылдам піскенін қаласаңыз, 12 сағатқа суық суға салып қойыңыз.

11. Картоп езілмесін десеңіз, сірке қышқылы қосылған тұзды суда пісіріңіз.

12. Қызылшаны қант пен алма сірке қышқылы қосылған суда пісіретін болсаңыз, бояуы шықпайды.

13. Көкөністерді дұрыс әзірлеу тәсілі:

а) қазанның қақпағы жақсылап жабылуы тиіс;

ә) көкөністерді шанышқының көмегімен тесуге болмайды;

б) піскен көкөністерді судан бірден алған жөн;

в) көкөністерді пісірген кезде суға лимон шырынын тамызу қажет.

14. Нанның жанына картоп, тұз қоятын болсаңыз, дәмі көпке дейін сақталады.

15. Балды дұрыс таңдау тәсілі:

а) таяқ алып, оған бал ораңыз. Қолдан жасалған бал таяққа жағылмайды. Сырғып аға беретін болады;

ә) балды саусағыңызбен үйкеп көріңіз. Бірнеше уақыттан соң саусақтарыңыз бұрынғыдай бір-біріне жабыспаса, бұл балға қант қосылғандығын білдіреді;

б) тырнағыңыздың ұшына бал жағып көріңіз. Сапалы бал төмен қарай ағып кетпейді.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Үй жинауға аз уақыт кетірудің 4 әдісі018.8201-10-2025
2Азық-түлік сатып алар кездегі ақша үнемдеу жолдары017.4210-01-2024
3Тез ұйықтау үшін не істеу керек?019.1801-10-2025
4Айранды тәуліктің қай уақытында ішкен дұрыс? Дәрігер кеңесі017.1401-08-2024
5Асүйдегі ең қауіпті 5 зат020.6217-10-2024
6Кімге теңіз өнімдерін мүлдем жеуге болмайды?019.4412-09-2025
7Кір жуу құпиялары019.3701-10-2025
8Ел болашағына бастар маңызды қадам018.4508-08-2026
9Жастардың болашағы-қоғамның болашағы017.2210-08-2026
10Павлодар өңірінде екі жылда тұңғыш рет үшем дүниеге келді015.2307-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 21.78. Источник: zhambylnews.kz.