Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Асүйдегі ең қауіпті 5 зат

Дата публикации: 17-10-2024 11:56:45


Асүйде отбасы мүшелерінің өміріне және денсаулығына не қауіп төндіруі мүмкін? Назарыңызға тұрмыстарғы ең қауіпті 5 затты ұсынамыз. 1. Газ плитасы Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, ер адамдарға қарағанда әйелдер жиірек күйіп қалады. Әдетте, мұндай жағымсыз жағдайлар асүйдегі қауіпсіз емес газ плиталарына тамақ дайындау кезінде болады. Бұл техникаға аса ұқыптылықпен қарау керек: асықпай, алаңдамай тамақ […]
Сообщение Асүйдегі ең қауіпті 5 зат появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Асүйде отбасы мүшелерінің өміріне және денсаулығына не қауіп төндіруі мүмкін? Назарыңызға тұрмыстарғы ең қауіпті 5 затты ұсынамыз.

1. Газ плитасы
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, ер адамдарға қарағанда әйелдер жиірек күйіп қалады. Әдетте, мұндай жағымсыз жағдайлар асүйдегі қауіпсіз емес газ плиталарына тамақ дайындау кезінде болады. Бұл техникаға аса ұқыптылықпен қарау керек: асықпай, алаңдамай тамақ дайындаңыз және газ плитасының кез келген бұзылған бөлігін уақытында жөндетіңіз.

Сонымен қатар, пешке балалардан қорғаныш қойып, олардан іске қосылып тұрған техникаға жақындамауын сұраңыз. Газ плитасының қасына оңай жанғыш заттарды қоймаңыз және ыстық ыдысты қолмен ұстамаңыз.

2. Ыдыс жууға арналған сорғыш
Ол асүйдегі ең лас зат. Әр ыдыс жуғаннан кейін сорғышта тамақ пен майлардың көзге көрінбейтін қалдықтары қалып қояды. Олар жылумен және ылғалмен қосылғанда бактерияларға арналған қолайлы орта жасайды. Егер оны аптасына бір рет ауыстырып тұрмасаңыз, ыдысқа жұққан бактериялардан түрлі келеңсіздіктер болуы мүмкін: асқазан жұмысының бұзылуы, іш ауруы және т.б.

3. Ауа
Асүйдің ауасы газ жанғанда және тамақ дайындағанда бөлінетін түрлі зиянды заттарға толады: формальдегид, акролеин, аммиак және т.б. Олар өкпеңізге жиналып қалмас үшін уақытылы үйді желдетіп алу қажет.

4. Тостер
Бір қарағанда зиянсыз көрінетін бұл асүй заты жылына шамамен 700 адамның өліміне себепші болады. Олар тоққа тығылып тұрған құрылғыдан тұрып қалған нан бөлігін пышақпен алу кезінде тоққа түседі екен.

5. Тоңазытқыштағы өнімдер
Әсіресе, тоңазытқыштағы бір-бірінің үстіне қойылған тағамдар зиян. Мысалы, дайын тамақтар шикі азықтан бактерияны өзіне сіңіріп алады. Сонымен қатар, тоңазытқыштың есігіне сақтайтын тұздықтар да адам денсаулығына зиян, себебі олардың түрінен ештеңе білінбегенмен, бір рет ашылған ыдыстағы тұздыққа бактерия жылдам көбейеді. Тамақтан уланбас үшін етті, көкөністі және дайын тамақты бөлек-бөлек сөреге салыңыз. Азық-түліктің жарамдылық мерзімін жиі тексеріп, уақыты өтіп кеткен өнімді бірден лақтырыңыз.

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Тез ұйықтау үшін не істеу керек?019.1801-10-2025
2Азық-түлік сатып алар кездегі ақша үнемдеу жолдары017.4210-01-2024
3Үй жинауға аз уақыт кетірудің 4 әдісі018.8201-10-2025
4Пайдалы кеңестер021.7801-10-2025
5Кімге теңіз өнімдерін мүлдем жеуге болмайды?019.4412-09-2025
6Кір жуу құпиялары019.3701-10-2025
7Үй дизайнын жаңартудың 6 әдісі021.2711-12-2024
8Айранды тәуліктің қай уақытында ішкен дұрыс? Дәрігер кеңесі017.1401-08-2024
9Кір сабынның пайдасы017.7101-10-2025
10Недостаточно бедные? Сиротам в Казахстане отказывают в жилье из-за доходов сверх установленного порога08.4915-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 20.62. Источник: zhambylnews.kz.