Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Кір жуу құпиялары

Дата публикации: 01-10-2025 18:15:47


Әйел адамның басты тірліктерінің бірі – кір жуу. Заман ағымы қаншалықты техниканы дамытып, шаруамызды жеңілдетсе де, кей дақтармен күресе алмай жатады. Кір жуу өнері мұқияттылықты талап етеді. Әр заттың матасына, дақтың неден пайда болғанына мән беру қажет. Химиялық тазалаудың нұсқаулары мен әдістерін білгіңіз келе ме? Ендеше, біздің ақыл-кеңестерді керегіңізге жаратыңыз. 1. Ақуызы бар тағамнан тиген […]
Сообщение Кір жуу құпиялары появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.


Основное содержимое страницы с новостью.

Әйел адамның басты тірліктерінің бірі – кір жуу. Заман ағымы қаншалықты техниканы дамытып, шаруамызды жеңілдетсе де, кей дақтармен күресе алмай жатады. Кір жуу өнері мұқияттылықты талап етеді. Әр заттың матасына, дақтың неден пайда болғанына мән беру қажет. Химиялық тазалаудың нұсқаулары мен әдістерін білгіңіз келе ме? Ендеше, біздің ақыл-кеңестерді керегіңізге жаратыңыз.

1. Ақуызы бар тағамнан тиген дақ бөлме температурасындағы сумен оңай жуылады. Ыстық сумен жуатын болсаңыз, ақуызы еруі мүмкін. Оны қайтадан жуып кетіру қиынға соғады. Түрлі-түсті матаға тамған сүт дағын 2 ас қасық глицерин, 2 ас қасық су және сірке суы қоспаларымен кетіруге болады.

2. Қан тисе, 30 минуттай суық суда жібітіп алу керек. Суға  бірнеше тамшы сутегі тотығын қосуға болады. Егер дақ екі-үш күн тұрып қалған болса, онда суға бірнеше  тамшы мүсәтір спиртін қосып жуыңыз. Сонымен қатар суға ыдыс жуатын сұйықтықты да қосып  жууға болады.

3. Косметикалық бояулар. Дақтың үстіне химиялық тазартуға арналған қоспаны құйып, артынша суық сумен жуу керек. Матаға зияны жоқ болса, арнайы ағартқыш құралдар пайдалануға болады.

4. Қызанақ тұздығы. Кір жуғыш ұнтақты жағып, 15 минутқа қалдыру керек. Дақтың дымқылдығын сақтап, әдеттегідей жуу шарт. Бұл жағдай да көмектеспесе, сірке суын қосуға болады.

5. Жеміс-жидектер. 1 л суға 1 шай қасық ыдыс жуу сұйықтығын және 1 ас қасық спирт қосып, 15 минутқа жылы суға салып қою керек. Дақ кетпесе, оттекті ағартқышты пайдалануға болады.

6. Қара  май. Матаға жабысқан дақ қалдығын пышақпен қырып тастау керек. Содан кейін хлоры бар суға салып қойыңыз. Соңынан кір жуғыш ұнтақпен шайып алуға болады.

7. Балауыз шамы. Балауыз жұққан киімді ешқашан үтіктемеңіз. Матаға сіңіп кетсе, оны кетіру қиынға соғады. Өте ыстық қайнаған суға салып қою керек. Содан кейін химиялық ерітіндімен жууға болады.

8. Қалам немесе қарындаш. Әуелі жұмсақ өшіргішпен кетіріп көру керек. Кейін кір жуғыш ұнтақпен немесе сабынмен жууға болады.

9. Өсімдік майы тисе, керосинмен сүртіп, кейін жылы суға салып қою керек.

10. Қарағай шайыры. Минералды спирт немесе арнайы дақ кетіргіш керек.

Мінекей, кір жуудың осындай өзіндік құпиялары бар. Егер қатты кірлеп кеткен киім болса, оған қалың етіп минералды ұлпа сеуіп қойған жөн. Іске сәт!

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Кір сабынның пайдасы017.7101-10-2025
2Тез ұйықтау үшін не істеу керек?019.1801-10-2025
3Асүйдегі ең қауіпті 5 зат020.6217-10-2024
4Үй жинауға аз уақыт кетірудің 4 әдісі018.8201-10-2025
5Азық-түлік сатып алар кездегі ақша үнемдеу жолдары017.4210-01-2024
6Пайдалы кеңестер021.7801-10-2025
7Кімге теңіз өнімдерін мүлдем жеуге болмайды?019.4412-09-2025
8Айранды тәуліктің қай уақытында ішкен дұрыс? Дәрігер кеңесі017.1401-08-2024
9Azur Air направит резервный борт вместо жестко севшего в Барнауле пассажирского Boeing0025-09-2019
10Глава Гонконга отвергла требования амнистировать зачинщиков беспорядков0009-07-2019

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 19.37. Источник: zhambylnews.kz.