Соңғы екі жылда облыста үшемнің тууы бірінші рет тіркелген. Анасы сәбилеріне Аят, Иса және Алан есімдерін берген. Дәрігерлердің мәліметінше, екі нәрестенің салмағы екі килограмнан асса, үшіншісінің салмағы бір жарым килограмға жуық. Кенжесі әзірше дәрігерлердің бақылауында. Фото: Айбек Жұматов — Бала қарқынды бақылауда. Дейтұрғанмен оттегі аппаратына тәуелсіз, өзі тыныс алып жатыр. Бізге оның белгілі бір салмақ […]
Сообщение Павлодар өңірінде екі жылда тұңғыш рет үшем дүниеге келді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
Соңғы екі жылда облыста үшемнің тууы бірінші рет тіркелген. Анасы сәбилеріне Аят, Иса және Алан есімдерін берген.
Дәрігерлердің мәліметінше, екі нәрестенің салмағы екі килограмнан асса, үшіншісінің салмағы бір жарым килограмға жуық. Кенжесі әзірше дәрігерлердің бақылауында.
Фото: Айбек Жұматов
— Бала қарқынды бақылауда. Дейтұрғанмен оттегі аппаратына тәуелсіз, өзі тыныс алып жатыр. Бізге оның белгілі бір салмақ жинап, анасының омырауын жақсы сорып үйренгені қажет. Содан кейін анасына береміз. Анасы келіп, жағдайын біліп тұрады, — дейді Павлодар облыстық № 1 перинаталдық орталығының директоры Гүлнар Буратаева.
Үшемді босанған ана Мадина Қазенованың жасы 33-те. Ол үшін бұл — екінші жүктілік, үлкен қызы 12 жаста. Үшем ЭКО процедурасының нәтижесінде өмірге келген.
— Үшем босанатынымды білгенде алғаш дәрігерлердің сөзіне сенбеп едім. Бұл шынында біздің отбасымыз үшін таңғажайып оқиға болып отыр, — деп қуанышымен бөлісті көпбалалы ана.
Фото: Айбек Жұматов
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова отбасын құттықтады. Ол анасы мен нәрестелерге берік денсаулық тілеп, үш орынды балалар арбасын сатып алуға сертификат табыстады.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері Павлодар облысында 4250 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 33 егіз және бір үшем бар.
Бұған дейін елімізде егіздер мен үшемдер көбіне қай өңірде дүниеге келетінін жазғанбыз.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Демалыс күндері аптап ыстық қайтып келеді | 0 | 16.86 | 07-08-2026 |
| 2 | Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады | 0 | 17.3 | 12-08-2026 |
| 3 | Жастардың болашағы-қоғамның болашағы | 0 | 17.22 | 10-08-2026 |
| 4 | Ел болашағына бастар маңызды қадам | 0 | 18.45 | 08-08-2026 |
| 5 | 42°C-қа дейінгі ыстық: елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды | 0 | 15.74 | 08-08-2026 |
| 6 | Құрылтай-жаңа қоғамдық жауапкершілік кезеңі | 0 | 17.91 | 14-08-2026 |
| 7 | Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын Абай күнімен құттықтады | 0 | 16.14 | 10-08-2026 |
| 8 | Алғаш рет жолаушы мінген ұшқышсыз әуе көлігі көкке көтерілді | 0 | 16.04 | 06-08-2026 |
| 9 | Пайдалы кеңестер | 0 | 21.78 | 01-10-2025 |
| 10 | Астанада Есіл өзенінен ер адам құтқарылды | 0 | 6.94 | 16-08-2026 |