Қазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда. Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Бүгінде болжанған бала санының 320 мыңға жуығы, яғни шамамен 84%-ы мектептерге қабылданды. Бұған дейін балабақша орындарына кезектің вертикалды қағидатпен қалыптасуы, мемлекеттік тапсырыстың нақты бір мектепке дейінгі ұйымға бекітілуі және қаржыландырудың нақты қажеттілікке сай бөлінбеуі бірқатар мәселені туындатты. […]
Сообщение Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
Қазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда. Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Бүгінде болжанған бала санының 320 мыңға жуығы, яғни шамамен 84%-ы мектептерге қабылданды.
Бұған дейін балабақша орындарына кезектің вертикалды қағидатпен қалыптасуы, мемлекеттік тапсырыстың нақты бір мектепке дейінгі ұйымға бекітілуі және қаржыландырудың нақты қажеттілікке сай бөлінбеуі бірқатар мәселені туындатты. Олардың қатарында жалған контингентті тіркеу, балабақшалар арасындағы бәсекелестіктің шектелуі және бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуы бар.
Жаңа механизм аясында деректердің дұрыстығын тексеріп, бұзушылықтарды анықтайтын тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлудің объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба 20 қала мен 23 ауданда іске асырылуда. Оған 6 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйым қатысып жатыр. Жоба аясында 1 миллионнан астам ваучер берілді.
Жаңа механизмді іске асыру нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар саны артты. Сонымен қатар кезекте тұрған 2-6 жастағы балалар саны 160 мыңнан 23 мыңға дейін қысқарды.
Пилоттық жоба аясында 35 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Үнемделген қаражат есебінен қосымша ваучерлер берілуде.
Жаңа модель мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, сондай-ақ білім беру қызметтерінің сапасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Айта кетелік балабақша ваучерін уақытында растамағандар кезектен айырылуы мүмкін.
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Жастардың болашағы-қоғамның болашағы | 0 | 17.22 | 10-08-2026 |
| 2 | Ел болашағына бастар маңызды қадам | 0 | 18.45 | 08-08-2026 |
| 3 | Павлодар өңірінде екі жылда тұңғыш рет үшем дүниеге келді | 0 | 15.23 | 07-08-2026 |
| 4 | Құрылтай-жаңа қоғамдық жауапкершілік кезеңі | 0 | 17.91 | 14-08-2026 |
| 5 | 42°C-қа дейінгі ыстық: елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды | 0 | 15.74 | 08-08-2026 |
| 6 | Отандық өндірісті дамыту және импортты алмастыру: Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда | 0 | 17.2 | 10-08-2026 |
| 7 | Жұлдыз Сүлейменова мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді | 0 | 8.79 | 12-08-2026 |
| 8 | Школы уже не будут прежними: в Казахстане меняют правила обучения детей | 0 | 2.96 | 28-07-2026 |
| 9 | В школах Казахстана вводят важные изменения: что ждет учеников | 0 | 7.35 | 28-07-2026 |
| 10 | Школу на 1200 мест построят в Астане | 0 | 10.76 | 14-08-2026 |