Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Су тарифі арзан болғандықтан, халық оны үнемдеуге еш мән бермейді

Дата публикации: 19-08-2026 05:41:00

Қазақстандағы пайдаланылатын судың жартысынан көбі көрші мемлекеттерден келеді. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Қазақстандағы пайдаланылатын судың жартысынан көбі көрші мемлекеттерден келеді. 

Шыны керек, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елдерінен келетін су ресурстарына тәуелдіміз. Сондықтан "су жоқ" деп қарап отырмай, бар суды ұтымды пайдалануымыз қажет.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл мәселені өте орынды көтерді. Егер суды орнымен, мәдениетті түрде пайдаланатын болсақ, оны барлық салаға жеткізуге болады.

Мысалы, ауызсу мәселесіне тоқталсақ, бізде суды пайдалану мәдениеті әлі толық қалыптаспаған. Себебі, су тарифі арзан болғандықтан, халық суды үнемдеуге аса мән бермейді, суды орынсыз пайдалануға үйреніп қалған. Бұрын ауылда адамдар суды құдықтан немесе бұлақтан, су арналарынан тасып ішетін. Бір отбасы бір күнде 40-50 литр сумен күн көретін. Ал қазіргі уақытта бір адам тәулігіне шамамен 200-250 литр су пайдаланады. Бұл – суды шамадан тыс тұтынудың көрсеткіші.

Сондықтан, ең алдымен судың нақты есебін жүргізу керек. Есепсіз ешқандай ресурс тиімді игерілмейді. Қазіргі цифрландыру мен жасанды интеллект дамыған заманда әр тұтынушының су пайдалану көлемі нақты бақылануы тиіс.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтиханының ережелері өзгереді05.6213-10-2026
2Қазақстанда азық-түлік өндірісі 4 трлн теңгеге жетті027.3814-10-2026
3Су үнемдеу технологияларын жасайтын отандық зауыттардың саны төрттен жетіге дейін өсті018.3314-10-2026
4Туризмді дамыту тек жаңа қонақүйлер салумен немесе жол жөндеумен шектелмеуі керек0509-04-2026
5Водосберегающие технологии охватывают 36% орошаемых земель013.9121-09-2026
6Қазақстанда 1,9 млн гектар алқаптан дәнді дақыл жиналды018.1414-08-2026
7Қазіргі уақытта төрт-бес аймақта су тасқыны қаупі бар0527-02-2026
8Kazakhstan Expands Digital Water Management as Pressure on Resources Grows05.6404-08-2026
9День работников водного хозяйства отмечают в РК0509-07-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 10. Источник: inbusiness.kz.