Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Су үнемдеу технологияларын жасайтын отандық зауыттардың саны төрттен жетіге дейін өсті

Дата публикации: 14-10-2026 04:30:00

Қолданыстағы кәсіпорындардың жалпы өндірістік қуаты жылына 3 390 жаңбырлатып суару машинасын шығаруға жетеді. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Қолданыстағы кәсіпорындардың жалпы өндірістік қуаты жылына 3 390 жаңбырлатып суару машинасын шығаруға жетеді. 

Қазақстанда шаруалардың су үнемдейтін жабдықтарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жаңбырлатып суару машиналары мен тамшылатып суару жабдықтарын жасайтын жеті отандық зауыт жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның үшеуі Түркістан облысында, екеуі Астана қаласында, бір-бірден Атырау облысы мен Алматы қаласында орналасқан. 2025 жылы елде бес зауыт жұмыс істесе, 2024 жылы олардың саны төрт болған.

Қолданыстағы кәсіпорындардың жалпы өндірістік қуаты жылына 3 390 жаңбырлатып суару машинасын шығаруға жетеді. Бұл шамамен 205 мың гектар жерді суаруға мүмкіндік береді. Жедел мәліметтерге сәйкес, биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы 82,5 мың гектар жерді суаруға арналған шамамен 1 010 жаңбырлатып суару машинасын сатып алған.

Сонымен қатар шетелдік инвестиция тарту бағытында да белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, Қостанай облысында америкалық жаңбырлатып суару машиналарын жергілікті жерде өндіру жобасы іске қосылды. Осындай жоба Қарағанды облысында да жүзеге асырылып жатыр.

"Биыл жыл басынан бері су үнемдеу технологиялары қосымша 158 мың гектар суармалы жерге енгізілді. Нәтижесінде заманауи суару жүйелері қолданылатын алқаптардың жалпы көлемі шамамен 702,3 мың гектарға жетті. Сондай-ақ суару суын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, субсидияланатын су үнемдеу технологияларының тізбесіне лазерлік тегістегіш қосылды", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Еске салайық, Су ресурстары және ирригация министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарының өтелетін үлесін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты. Ал мұндай жүйелерді пайдаланған жағдайда суару суына берілетін субсидия мөлшері 85%-ға дейін арттырылды.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Су тарифі арзан болғандықтан, халық оны үнемдеуге еш мән бермейді01019-08-2026
2Талдықорғанда ұлттық жоба аясында 4,5 шақырым жылу желісі жаңартылды021.1114-10-2026
3Құрылтайда 3 жылдық бюджет жобасы қаралды02014-10-2026
4Водосберегающие технологии охватывают 36% орошаемых земель013.9121-09-2026
5Больше ₸3 трлн направят на развитие водной отрасли0508-07-2026
6Отандық өндірісті дамыту және импортты алмастыру: Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда017.210-08-2026
7Қазақстан мұнай өндіруді 60 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр020.2513-08-2026
8Россия намерена увеличить производительность опреснительного завода в Актау в два раза0028-08-2020
9Азия даму банкі Қазақстанның су қауіпсіздігі жобаларын қолдауға дайын0503-07-2026
102027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуат іске қосылады019.520-08-2026

Классификация: Национальные проекты. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 18.33. Источник: inbusiness.kz.