Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстанда азық-түлік өндірісі 4 трлн теңгеге жетті

Дата публикации: 14-10-2026 03:30:00

2019 жылдан бері сусын өндірісі 2,5 есе өсті.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

2019 жылдан бері сусын өндірісі 2,5 есе өсті.  

Қазақстанда 2019 жылдан бері азық-түлік өндірісінің көлемі 2,4 есе өсіп, 4 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрлік деректеріне сәйкес, осы кезеңде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2,8 трлн теңгеден 5,9 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл – 2,1 еседен астам өсім.

Ал мал шаруашылығындағы өнім көлемі 2,3 трлн теңгеден 3,8 трлн теңгеге дейін жетіп, 1,7 есе артты.

Қайта өңдеу саласында да өсім байқалады. Азық-түлік өндірісі 2,4 есеге – 1,7 трлн теңгеден 4 трлн теңгеге дейін ұлғайса, сусындар өндірісі 2,5 есеге – 398 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге дейін өскен.

Министрлік мәліметінше, қайта өңдеу саласын дамыту отандық шикізаттың қосымша құнын арттыруға, өнім түрлерін көбейтуге және ел ішінде жаңа өндірістік тізбектер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қазақстанның сыртқы нарықтардағы позициялары да нығайып келеді.

– Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2,1 еседен астам – 3,3 млрд доллардан 7 млрд долларға дейін өскен. Экспорттық әлеуетті одан әрі кеңейту өнім сапасын арттырумен, өңдеу қуаттарын дамытумен және жаңа сату нарықтарына шығумен байланысты, – делінген хабарламада.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Өткен 7 жылда Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 2,3 есеге өсті020.3430-09-2026
2Жылу беру маусымына дайындық: Қазақстанда 19 млн тонна көмір тасымалданды015.5619-08-2026
3Қазақстан мұнай өндіруді 60 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр020.2513-08-2026
4Казахстан намерен увеличить добычу нефти в 2019 году до 370 тыс. баррелей в сутки0003-10-2018
5Қазақстанда 1,9 млн гектар алқаптан дәнді дақыл жиналды018.1414-08-2026
6Казахстан снизил прогноз по добыче нефти в 2020 году на 4 млн тонн до 86 млн0002-04-2020
7Су тарифі арзан болғандықтан, халық оны үнемдеуге еш мән бермейді01019-08-2026
8Қазақстанда жүк көліктеріне сұраныс артты: импорт 6,5 есеге өскен023.2812-08-2026
9Валовая продукция транспорта Казахстана выросла в 3 раза, транзит вырастет до 55 млн тонн5714-07-2026
10Добыча нефти в Казахстане в 2020 году составила 101% к плану0012-01-2021

Классификация: Экономика. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 27.38. Источник: inbusiness.kz.