Медициналық куәландыру оның есірткілік масаң күйде болғанын растады.
Медициналық куәландыру оның есірткілік масаң күйде болғанын растады.
Оралда тұрғын үйдің газ құбырына жалаңаш күйде шыққан ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Батыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қонаев көшесінің тұрғындары үй маңынан жалаңаш ер адамды байқап, полиция шақырған. Оқиға орнына келген полицейлер оны бірінші және екінші қабаттың арасындағы газ құбырынан тапқан.
Құқық қорғау қызметкерлері одан төмен түсуді талап еткен. Алайда ер адам олардың талабына бағынбай, балағаттаған.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адамның ағзасында каннабиноидтар мен опиоидтардың әсері анықталған.
Сотта ол кінәсін толық мойындағанымен, мұндай әрекетке не себеп болғанын түсіндіре алмады. Ер адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны және есірткілік масаң күйде болғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот 20 тәулікке әкімшілік қамауға алумен қатар, ер адамның мінез-құлқына алты ай мерзімге ерекше талаптар белгіледі. Осы уақыт ішінде оған алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынды.
Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Тамақтан уланған: Алматыда физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түсті | 0 | 28.75 | 14-10-2026 |
| 2 | Қызылордада 14 жастағы қыз ауруханада көз жұмды | 0 | 19.09 | 14-10-2026 |
| 3 | Маңғыстауда ысталған балықтан уланған үш адам ауруханадан шықты | 0 | 8.79 | 14-10-2026 |
| 4 | Мужчина и подросток умерли от отравления бытовым газом в Оренбурге | 0 | 0 | 27-10-2020 |
| 5 | Ресейде газ құбырында апат болды: Қазақстанға газ жеткізу жалғасып жатыр | 0 | 5.46 | 14-10-2026 |
| 6 | Житель Волгоградской области погиб от утечки в газовой колонке | 0 | 0 | 14-01-2019 |
| 7 | После прорыва нефтепровода на месторождении под Оренбургом возбудили дело | 0 | 0 | 14-01-2020 |
| 8 | В КЧР одна из пострадавших при взрыве газа умерла в больнице | 0 | 8.26 | 03-08-2026 |
| 9 | Один человек пострадал в результате хлопка газа в многоэтажке в Самаре | 0 | 0 | 09-07-2019 |
| 10 | Два человека отравились газом в частном доме в Казани | 0 | 0 | 31-12-2018 |