Уланған төрт адамның бірі болған бала көз жұмды.
Уланған төрт адамның бірі болған бала көз жұмды.
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында ысталған балықтан уланып, ботулизм белгілерімен ауруханаға түскен үш адам емделіп шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ауруханадан шыққан тұрғындардың бірі дәрігерлерге алғысын білдірді. Енді балық жемейтінін айтты.
– Енді балық жемейтін болдым. Бізді қиын жағдайдан құтқарып, емдеген дәрігерлер мен медбикелерге рахмет. Халықтың алғысына бөлене беріңіздер, – деді ол.
Еске салайық, 2026 жылғы 21 қыркүйекте бір отбасының төрт мүшесі, оның ішінде кәмелетке толмаған бала, ысталған балық тұтынғаннан кейін медициналық көмекке жүгінген. Науқастарға қажетті ем көрсетіліп, ботулизмге қарсы сарысу енгізілген. Өкінішке қарай, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қалған үш науқас емделіп, ауруханадан шығарылды.
Мамандар ботулизмнің жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті ауру екенін ескертеді. Ол көру қабілетінің бұзылуына, жұтыну мен тыныс алудың қиындауына әкелуі мүмкін. Ауру көбіне дұрыс дайындалмаған немесе тиісті жағдайда сақталмаған тағамдарды тұтынудан туындайды.
Сондықтан мамандар үй жағдайында дайындалған консервілер мен ысталған балық өнімдерін тұтынғанда сақ болуға шақырады. Ботулизмге күдік туындаса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Маңғыстауда жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам тағы да мас күйде көлік айдаған | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 2 | Қызылордада 14 жастағы қыз ауруханада көз жұмды | 0 | 19.09 | 14-10-2026 |
| 3 | Орал қаласында жалаңаш күйде газ құбырына шыққан ер адам қамауға алынды | 0 | 8.98 | 14-10-2026 |
| 4 | Тамақтан уланған: Алматыда физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түсті | 0 | 28.75 | 14-10-2026 |
| 5 | «Салмақ қосып жүрмін деп ойлаған»: Алматыда әйелдің ішінен 3 келілік ісік алынды | 0 | 12.6 | 14-10-2026 |
| 6 | Каспий теңізіне батып кеткен ер адамның мәйіті 9 шақырым қашықтықтан табылды | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 7 | Унесенного течением во время сплава в Иркутской области ребенка нашли бездыханным | -10 | 5 | 09-07-2026 |
| 8 | Под Волгоградом утонули три человека | 0 | 0 | 01-08-2023 |
| 9 | Состояние извлеченного из-под завалов в Магнитогорске ребенка крайне тяжелое | 0 | 0 | 01-01-2019 |
| 10 | Три человека погибли от отравления угарным газом в Махачкале | 0 | 0 | 25-01-2021 |