Фото: gov.kz Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамыту және «Зерделі ұлт» қалыптастыру жолындағы маңызды бастамалар жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында алдағы оқу жылынан бастап барлық Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы жүзеге асырылмақ. Аталған жоба
The post Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады first appeared on Мінбер - Ақпарат агенттігі.
Фото: gov.kz
Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамыту және «Зерделі ұлт» қалыптастыру жолындағы маңызды бастамалар жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында алдағы оқу жылынан бастап барлық Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы жүзеге асырылмақ.
Аталған жоба ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «Келешек мектептері» директорларымен кездесуінде берген тапсырмасымен жүзеге асады. Министр мектеп басшыларына жобаны тиімді жүзеге асырып, оны білім беру үдерісімен байланыстырудың өзектілігін атап өткен болатын.
Жобаның негізгі мақсаты – оқушылар мен педагогтердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітап оқитын ұлт тәрбиелеу.
Бұл бастамаға тек оқушылар ғана емес, мектеп ұстаздары да белсенді түрде қатысады. Осы арқылы мектептерде біртұтас оқу мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр.
Қазір педагогтер мен оқушылардың ұсыныстары негізінде кітаптар тізімі жасақталуда. Арнайы сауалнама жүргізіліп, қатысушылардың қызығушылықтары мен сұраныстары ескеріледі. Нәтижесінде педагогтер үшін кәсіби дамуға арналған заманауи әдебиеттер, ал оқушылар үшін тұлғалық даму мен дүниетанымды кеңейтетін отандық және шетелдік шығармалар іріктелді.
Сонымен қатар, жоба қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар арасынан «Үздік оқырмандар» анықталып, марапатталатын болады.
Парақшамызға жазылыңыз
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Қазақстанның 500 мектебінде жасанды интеллекті енгізіле бастайды | 0 | 11.48 | 26-05-2026 |
| 2 | «Digital Qazaqstan»: Ақпараттық қауіпсіздік саласының болашақ мамандары іріктелді | 0 | 12.49 | 21-06-2026 |
| 3 | Мектеп оқушысы қанша сағат ұйықтау керек - министрлік кеңес берді | 0 | 14.17 | 15-08-2026 |
| 4 | Астанада қайтарылған активтер есебінен 7 млрд теңгеге жаңа мектеп салынады | 0 | 15.88 | 14-08-2026 |
| 5 | В школах Казахстана вводят важные изменения: что ждет учеников | 0 | 7.35 | 28-07-2026 |
| 6 | "ЖОО-ға түскенде ескеріледі": жаңа оқу жылында мектепте қандай өзгерістер болады | 0 | 14.35 | 14-08-2026 |
| 7 | Жұлдыз Сүлейменова мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді | 0 | 8.79 | 12-08-2026 |
| 8 | Көліктегі ПД-да Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті | 0 | 17.78 | 14-08-2026 |
| 9 | Школы уже не будут прежними: в Казахстане меняют правила обучения детей | 0 | 2.96 | 28-07-2026 |
| 10 | Kcell өз абоненттері үшін дауыстық байланыс сапасын жақсартуда | 0 | 6.28 | 28-05-2026 |