Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

«Digital Qazaqstan»: Ақпараттық қауіпсіздік саласының болашақ мамандары іріктелді

Дата публикации: 21-06-2026 04:00:19

Фото: gov.kz Қазақстанда «Red Team & Blue Team Cyber Academy» білім беру бағдарламасына іріктеу қорытындыланып, «Ұлттық киберқалқан» CTF-турнирінің нәтижесі бойынша грант иегері атанған қатысушылармен салтанатты кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі. Вице-министр Досжан Мұсалиевтің қатысуымен өткен іс-шара бұл жобаға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті: еліміздің барлық өңірінен 1567 өтінім түсіп,
The post «Digital Qazaqstan»: Ақпараттық қауіпсіздік саласының болашақ мамандары іріктелді first appeared on Мінбер - Ақпарат агенттігі.

Основное содержимое страницы с новостью.

Фото: gov.kz

Қазақстанда «Red Team & Blue Team Cyber Academy» білім беру бағдарламасына іріктеу қорытындыланып, «Ұлттық киберқалқан» CTF-турнирінің нәтижесі бойынша грант иегері атанған қатысушылармен салтанатты кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Вице-министр Досжан Мұсалиевтің қатысуымен өткен іс-шара бұл жобаға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті: еліміздің барлық өңірінен 1567 өтінім түсіп, оның ішінен 361 қатысушы турнирде бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен 100 жеңімпаз тегін оқу грантына ие болды.

Бұл білім беру бастамасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Astana Hub серіктестігіндегі Tech Orda бағдарламасы аясында және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның Interactive range платформасы негізінде жүзеге асырылуда. Жобаға IT саласында базалық құзыреті бар 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтар қабылданды. Енді стипендиаттар алты ай бойы қарқынды онлайн форматта білім алады.

Кездесу барысында вице-министр Досжан Мұсалиев жобаның «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы аясындағы маңызына тоқталып, білікті кадрларды даярлау мемлекеттің цифрлық егемендігінің негізі екенін баса айтты. Оқу бағдарламасы екі негізгі бағытты қамтиды: жүйені тестілеуден өткізуге бағытталған Red Team және оны бақылау мен қорғау дағдыларын дамытатын Blue Team бағыты.

Парақшамызға жазылыңыз

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қазақстанның 500 мектебінде жасанды интеллекті енгізіле бастайды011.4826-05-2026
2Астанада «Болашақ ойындары – 2026» өтеді014.2204-06-2026
3Боз кілемдегі тартыс: Qazaqstan Barysy-2026 атағы кімге бұйырады?011.1814-08-2026
4Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті08.513-06-2026
5Казахстан готов помогать странам СНГ в подготовке специалистов по работе с ИИ0010-10-2025
6Қазақстандықтарға электронды цифрлық қолтаңбаларға қатысты жаңа алаяқтық туралы ескертілді07.7415-08-2026
7Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді 020.5315-08-2026
8Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады09.6624-05-2026
9 Comment on Алматы қаласында Мінбердің кезекті тренингі өтеді. Тіркелуге асығыңыздар! by Алматы қаласында Мінбердің кезекті тренингі өтеді - Қазақстан жаңалықтары - QazNews.kz 010.3503-07-2026
10Тарихи жетістік! Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден әлем чемпионы атанды06.7130-07-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 12.49. Источник: www.minber.kz.