Мамандар 1 сынып оқушыларына ұзақтығы екі сағатқа дейінгі қосымша күндізгі демалысты да қарастыруды ұсынады
https://sputnik.kz/20260815/mektep-oqushysy-qansha-sagat-uyyqtau-kerek---ministrlik-kenes-berdi--65729827.html
Мектеп оқушысы қанша сағат ұйықтау керек - министрлік кеңес берді
Мектеп оқушысы қанша сағат ұйықтау керек - министрлік кеңес берді
Sputnik Қазақстан
Мамандар 1 сынып оқушыларына ұзақтығы екі сағатқа дейінгі қосымша күндізгі демалысты да қарастыруды ұсынады 15.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-15T10:49+0500
2026-08-15T10:49+0500
2026-08-15T10:50+0500
денсаулық сақтау министрлігі
оқушы
ұйқы
https://sputnik.kz/img/206/15/2061569_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_1e88b3c042edc99ffcaeb95668106c7b.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі каникулдан кейін балалардың ұйқысын ретке келтіруге қатысты кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бала неше сағат ұйықтауы керек Жаңа оқу жылына дайындық мектеп формасын, рюкзак пен оқу құралдарын сатып алумен ғана шектелмейді. Баланың күн тәртібін алдын ала реттеу де аса маңызды. Әсіресе жазғы демалыс кезінде бала кеш жатып, кеш тұруға үйреніп қалған жағдайда ұйқыға жату және таңертең ояну уақытын біртіндеп ретке келтірген дұрыс. Баланың ұйқыға деген қажеттілігі жас ерекшелігіне қарай анықталады. Америкалық педиатрия академиясының нақты ұсынымдары да бар. Баланың күн сайын шамамен бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянғаны дұрыс. Толыққанды ұйқы ағзаның қалпына келуі үшін қажет және зейін, есте сақтау, эмоционалдық жағдай, сондай-ақ жаңа ақпаратты қабылдау қабілетін жақсартады.1-сынып ерекше көңіл бөлу керек Бірінші сыныпқа баратын баланың қалыптасқан күн тәртібі айтарлықтай өзгереді. Сондықтан мамандар бірінші сынып оқушыларына ұзақтығы екі сағатқа дейінгі қосымша күндізгі демалысты да қарастыруды ұсынады. Мектеп режиміне алдын ала және күрт өзгеріссіз көшкен дұрыс. Негізгі кеңестер:
https://sputnik.kz/20260811/mektep-somkesi-bala-salmagynyn-10-nan-aspauy-tiis---ministrlik-65618317.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, оқушы, ұйқы
денсаулық сақтау министрлігі, оқушы, ұйқы
10:49 15.08.2026 (жаңартылды: 10:50 15.08.2026)
Мамандар 1 сынып оқушыларына ұзақтығы екі сағатқа дейінгі қосымша күндізгі демалысты да қарастыруды ұсынады
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі каникулдан кейін балалардың ұйқысын ретке келтіруге қатысты кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңа оқу жылына дайындық мектеп формасын, рюкзак пен оқу құралдарын сатып алумен ғана шектелмейді. Баланың күн тәртібін алдын ала реттеу де аса маңызды. Әсіресе жазғы демалыс кезінде бала кеш жатып, кеш тұруға үйреніп қалған жағдайда ұйқыға жату және таңертең ояну уақытын біртіндеп ретке келтірген дұрыс. Баланың ұйқыға деген қажеттілігі жас ерекшелігіне қарай анықталады. Америкалық педиатрия академиясының нақты ұсынымдары да бар.
1 жасқа дейін – тәулігіне 12–16 сағат ұйқы;
1 жастан 2 жасқа дейін – 11–14 сағат;
3 жастан 5 жасқа дейін – 10–13 сағат;
6 жастан 12 жасқа дейін – 9–12 сағат;
13 жастан 18 жасқа дейін – 8–10 сағат ұйқы қажет.
Баланың күн сайын шамамен бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянғаны дұрыс. Толыққанды ұйқы ағзаның қалпына келуі үшін қажет және зейін, есте сақтау, эмоционалдық жағдай, сондай-ақ жаңа ақпаратты қабылдау қабілетін жақсартады.
Бірінші сыныпқа баратын баланың қалыптасқан күн тәртібі айтарлықтай өзгереді. Сондықтан мамандар бірінші сынып оқушыларына ұзақтығы екі сағатқа дейінгі қосымша күндізгі демалысты да қарастыруды ұсынады.
"Алғашқы апталардағы басты міндет – баланың жаңа күн тәртібіне біртіндеп үйренуіне көмектесу және оның қалпына келуіне жеткілікті уақыт беру", - дейді мамандар.
Мектеп режиміне алдын ала және күрт өзгеріссіз көшкен дұрыс.
ұйықтар алдында гаджеттерді пайдалануды шектеу;
ұйқы алдында тыныш орта қалыптастыру (серуендеу, жылы душ қабылдау, кітап оқу немесе тыныш әңгімелесу);
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Баланы 1-сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек | 0 | 7.74 | 13-08-2026 |
| 2 | Министр баланың тісін емдеуге талон іздеп кеткен ата-аналардың мәселесін шешуді тапсырды | 0 | 15.26 | 15-08-2026 |
| 3 | Қазақстандықтар Кореяда ресми түрде жұмыс істей алады – министрлік мәлімдеме жасады | 0 | 9.18 | 14-08-2026 |
| 4 | Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады | 0 | 9.66 | 24-05-2026 |
| 5 | Қазақстанның 500 мектебінде жасанды интеллекті енгізіле бастайды | 0 | 11.48 | 26-05-2026 |
| 6 | "ЖОО-ға түскенде ескеріледі": жаңа оқу жылында мектепте қандай өзгерістер болады | 0 | 14.35 | 14-08-2026 |
| 7 | Қазақстандық оқушы әлемдегі үздік бес жас бағдарламашының қатарына енді | 0 | 20.53 | 15-08-2026 |
| 8 | Жұлдыз Сүлейменова мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді | 0 | 8.79 | 12-08-2026 |
| 9 | Су үнемдеуді үйрететін жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр | 0 | 10 | 14-08-2026 |
| 10 | В Минпросвещения призвали школы не проявлять лишних инициатив при приеме в первый класс | 0 | 0 | 04-04-2021 |