Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Kcell өз абоненттері үшін дауыстық байланыс сапасын жақсартуда

Дата публикации: 28-05-2026 08:48:22

«Кселл» АҚ Kcell және activ абоненттері үшін VoLTE (Voice over LTE) технологиясын енгізді. Осылайша компания мобильді қызметтердің сапасын жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда. Бұл шешім дауыстық қоңыраулардың сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беріп, күнделікті тілдесуді барынша жайлы етеді. Бұған дейін мобильді желілердегі дауыстық қоңыраулар негізінен екінші буын (2G) технологиялары арқылы берілсе, мобильді интернет 3G, 4G және 5G
The post Kcell өз абоненттері үшін дауыстық байланыс сапасын жақсартуда first appeared on Мінбер - Ақпарат агенттігі.

Основное содержимое страницы с новостью.

«Кселл» АҚ Kcell және activ абоненттері үшін VoLTE (Voice over LTE) технологиясын енгізді. Осылайша компания мобильді қызметтердің сапасын жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда. Бұл шешім дауыстық қоңыраулардың сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беріп, күнделікті тілдесуді барынша жайлы етеді.

Бұған дейін мобильді желілердегі дауыстық қоңыраулар негізінен екінші буын (2G) технологиялары арқылы берілсе, мобильді интернет 3G, 4G және 5G желілерінде жұмыс істеп келген болатын. Енді VoLTE технологиясының арқасында дауыстық байланыс та 4G желісіне ауысады. VoLTE технологиясы HD Voice форматын қолдана отырып, дыбыстың анағұрлым анық әрі табиғи естілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қосылу уақытын қысқартады.  

Сөйлесу кезінде пайдаланушылар жылдамдықты жоғалтпастан мобильді интернетті қатар пайдалана алады – мысалы, хабарламалар жібере алады, онлайн-банкингті қолданады немесе интернетті басқа құрылғыларға тарата алады. Бұл ретте қызмет қосымша ақысыз ұсынылады және пайдаланушының қолданыстағы топтамасынан интернет-трафикті жұмсамайды. Мобильді интернетті тұтыну көлемінің қарқынды өсуі аясында VoLTE технологиясын енгізу ерекше өзектілікке ие болып отыр. 2025 жылы «Кселл» АҚ желісіндегі трафик көлемі 66,6%-ға артып, 1439 ПБ құрады.  Өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету және қызмет көрсету сапасын арттыру үшін компания желіні дамытуға рекордтық 102,8 млрд теңге инвестициялады.

 «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Асқар Жамбакин қызмет көрсету сапасын арттыру компанияның басты басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті: «Біздің міндетіміз – тек жоғары жылдамдықты мобильді интернетті дамыту және елдегі ең жоғары 5G жылдамдықтарының бірін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар дауыстық сервистердің сенімді әрі тұрақты сапасын қолдау.  VoLTE технологиясын енгізу – желіні дамытудың маңызды кезеңі, бұл абоненттерге жүктемеге қарамастан тұрақты түрде сапалы байланыс алуға мүмкіндік береді».

Технологияны пайдалану үшін VoLTE қолдауы бар смартфон, GSM/UMTS/LTE стандартындағы SIM-карта және 4G желісінің қамту аймағында болу қажет. Қызметті Kcell немесе activ мобильді қолданбасы арқылы, сондай-ақ *222# USSD-пәрменінің көмегімен қосуға болады. Смартфондардың тізімі тұрақты түрде кеңейтілетін болады, ал жаңартулар туралы өзекті ақпарат сайтта жарияланады.

Парақшамызға жазылыңыз

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Каждый второй звонок в Кузбассе совершается с помощью интернета0724-06-2026
2Телекоммуникация в цифрах. Итоги первого полугодия 2026 года011.6512-08-2026
3Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады09.6624-05-2026
4Қазақстанның 500 мектебінде жасанды интеллекті енгізіле бастайды011.4826-05-2026
5«Digital Qazaqstan»: Ақпараттық қауіпсіздік саласының болашақ мамандары іріктелді012.4921-06-2026
6Казахстанцы отказываются от мобильного интернета из-за дорогих тарифов-2601-07-2026
7Технология Direct-to-Cell (для абсолютно любых смартфонов)Это новейший технологический прорыв, который ...09.7922-07-2026
8Дача на связи: «цифровой» комфорт пришел в СНТ под Кемерово5716-07-2026
9Нетарифицируемая связь в Казахстане будет доступна россиянам с 12 по 19 января0010-01-2022
10„Call Connect via Funk“: Telekom ersetzt klassisches Festnetz durch LTE011.7113-08-2026

Классификация: Пресс-релизы. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 6.28. Источник: www.minber.kz.