Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Үкімет пен Ұлттық банктің міндеті – инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстап тұру

Дата публикации: 13-10-2026 12:25:00

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. 

Оның сөзінше, Қазақстанның төлем балансы көрсеткіштері жақсарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында экспорттың озық қарқынмен өсуі нәтижесінде ағымдағы шотта $2,4 млрд профицит қалыптасқан. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде $3,6 млрд тапшылық тіркелген болатын. 

Премьер-министр экономикалық өсім барынша теңгерімді әрі сапалы сипат алып келетінін, бұл еліміздің өндірістік әлеуетін одан әрі кеңейту үшін негіз қалыптастырып отырғанын атап өтті.

Олжас Бектенов осы орайда инфляциялық қысымды төмендету шараларына ерекше назар аударып отыр. 

– Үкімет пен Ұлттық банктің үйлесімді жұмысы инфляциялық қысымды төмендетуге мүмкіндік берді. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция баяулап, 9,3%-ды құрады. Биыл басты міндет – инфляцияны 10%-дан төмен деңгейінде ұстап тұру, – деді ол. 

Жалпы алғанда, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша одан әрі шаралар қабылдау қажеттігі айтылды. 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қазақстанда жылдық инфляция баяулады 01013-10-2026
2Жылдық инфляция 10 ай қатарынан төмендеді - Сүлейменов015.5613-08-2026
3Нацбанк Казахстана повысил базовую ставку до 10,25% годовых0024-01-2022
4Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіреді – Мемлекет басшысы013.8513-10-2026
5Ауқатты азаматтар мемлекеттен көмек алмауы тиіс – Бектенов01014-10-2026
6Токаев заявил, что Казахстан столкнулся с неконтролируемым ростом инфляции0001-09-2021
7Премьер Казахстана заявил о попытках дискредитировать казахстанские товары010.7504-08-2026
8Орешкин заявил, что инфляция вернется к ориентиру в начале 2020 года0014-02-2019
9Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров "Самрук-Қазына"08.6427-08-2026
10Запуск инвестпроектов ускорят в Казахстане07.5317-09-2026

Классификация: Экономика. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 13.96. Источник: inbusiness.kz.