Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Ауқатты азаматтар мемлекеттен көмек алмауы тиіс – Бектенов

Дата публикации: 14-10-2026 06:10:00

Қазіргі таңда Үкімет әлеуметтік қамсыздандыру саласында ауқымды реформа жүргізіп жатыр. 
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Қазіргі таңда Үкімет әлеуметтік қамсыздандыру саласында ауқымды реформа жүргізіп жатыр.   

Ол адамның қай санатқа жататынына қарай емес, оның шын мәніндегі мұқтаждығына қарай көмек алу принципіне негізделген. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Құрылтай отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл принцип толыққанды жұмыс істейтін болады. Қазір ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде көпбалалы отбасы бай болсын, кедей болсын, мемлекеттен бірдей қолдау шараларын алады. Біздің ойымызша, бұл әділетсіз. Бай, ауқатты, өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтар мемлекеттен көмек алмауы тиіс. Олар өз күштеріне сенуі керек", – деді Олжас Бектенов депутаттың сауалына берген жауабында.

Мемлекет өзін қамтамасыз ете алмай отырғандарға қолдау көрсетіп отыр және әрі қарай да бұл көмекті жалғастыра береді, деп атап өтті ол.

"Дегенмен, мемлекет көрсететін мұндай көмекті адам тұрақты деп емес, өзін табуға және уақыт өте келе мұқтаждар санатынан шығуға берілген мүмкіндік деп қабылдауы тиіс. Бұл да бізге айтарлықтай мемлекет қаражатын үнемдеуге және оны маңызды мақсаттарға қайта бағыттауға мүмкіндік береді. 2027 жылы бұл үнемдеу 700 миллиард теңгені құраса, үш жылдық кезеңде бұл сома шамамен 2,5 триллионға жуықтайды", – деді Үкімет басшысы.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды0503-07-2026
2Сауда нарықтарын цифрландыру кәсіпкерлік қызметті заңдастыруға мүмкіндік береді01013-10-2026
3Үкімет пен Ұлттық банктің міндеті – инфляцияны 10%-дан төмен деңгейде ұстап тұру013.9613-10-2026
4Серік Бейсембаев, әлеуметтанушы: «Жаңа Конституция – биліктің ауысуын қауіпсіз етуге бағытталған құжат»08.9803-02-2026
5Еуропарламентте Қазақстанның саяси реформалар жолындағы жетістіктері туралы айтылды0526-06-2026
6АҚШ Конгресінің комиссиясы Орталық Азиядағы адам құқығы жайлы тыңдау өткізді08.3624-07-2026
7Систему социальной поддержки реформируют в РК08.7921-09-2026
8Бектенов поручил ежедневно контролировать рынок ГСМ в Казахстане010.4204-07-2026
9"Атажұрт" белсендісі отырған камерада төбелес болғаны хабарланды. Түрме әкімшілігі жоққа шығарды09.3820-03-2026
10Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров "Самрук-Қазына"08.6427-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 10. Источник: inbusiness.kz.