Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Бозымбаев коммуналдық секторды жаңғырту жобаларын жеделдетуді тапсырды

Дата публикации: 13-08-2026 03:23:00

Үкімет есептеу жүйесін цифрландыру арқылы ресурстарды тиімді пайдалануды көздеп отыр

Основное содержимое страницы с новостью.

https://sputnik.kz/20260813/bozymbaev-kommunaldyq-sektordy-zhangyrtu-zhobalaryn-zhedeldetudi-tapsyrdy-65674519.html

Бозымбаев коммуналдық секторды жаңғырту жобаларын жеделдетуді тапсырды

Бозымбаев коммуналдық секторды жаңғырту жобаларын жеделдетуді тапсырды

Sputnik Қазақстан

Үкімет есептеу жүйесін цифрландыру арқылы ресурстарды тиімді пайдалануды көздеп отыр 13.08.2026, Sputnik Қазақстан

2026-08-13T08:23+0500

2026-08-13T08:23+0500

2026-08-13T08:23+0500

үкімет

коммуналдық қызмет

https://sputnik.kz/img/978/09/9780916_0:0:3075:1731_1920x0_80_0_0_dda4b83dafe8063a92c0f903537711c2.jpg

АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қарағандыдағы көшпелі отырыста энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобаларын жеделдетуді және ресурстарды цифрлық есепке алуға көшуді тапсырды.2026 жылы тұрғын үй-коммуналдық саласына шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Оның 791 млрд теңгесі "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" (ЭКСЖ) ұлттық жобасына бағытталған. Қазір 328 жоба жүзеге асырылып жатыр, тағы 257 жоба бойынша жалпы құны 457 млрд теңгеге конкурс өтуде.Мониторингке сәйкес, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Шымкентте конкурс өткізу және келісімшарт жасау жұмыстары баяу жүріп жатыр. Бозымбаев жөндеу маусымының қысқалығын ескеріп, өңірлерге жұмысты жеделдетуді тапсырды.Өңірлер 1 қыркүйекке дейін дайын құжаттамасы бар жобалар бойынша жөндеу жұмыстарын бастап, ЭКСЖ электронды платформасы арқылы 2027 жылға өтінім беруге тиіс.Қарағанды облысында биыл 85 млрд теңгеден астам сомаға жобалар іске асырылмақ. 2025 жылдан бері электронды платформаға өңір бойынша жалпы құны 134 млрд теңге болатын 30 жоба енгізілген. Оның 14-і бойынша 83,4 млрд теңгенің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2027 жылға құны 45,3 млрд теңге болатын тағы 12 жоба енгізілген.Отырыста коммуналдық саланы цифрландыру және ресурстарды үнемдеу мәселелері де қаралды. Бозымбаев тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу механизмін әзірлеуді тапсырды. Норма шегінде бір тариф қолданылып, одан артық тұтынған жағдайда жоғары тариф белгіленуі мүмкін.Сонымен қатар барлық тұтынушыны электронды есептегіштермен қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Вице-премьердің пікірінше, нақты деректерсіз коммуналдық ресурстардың тұтынуы мен шығынын бақылау және жасанды интеллект технологияларын енгізу мүмкін емес.1 қыркүйекке дейін коммуналдық ресурстарды өндірістік және коммерциялық есепке алудың бірыңғай талаптары әзірленіп, бекітілуі керек. Есептегіштер қазақстандық қамту талаптарына сай болуы, ал деректерді беру бірыңғай стандартпен жүзеге асырылуға тиіс.

https://sputnik.kz/20260807/ukimet-aqmola-oblysyndagy-tort-infraqurylymdyq-zhobaga-14-mlrd-tenge-boldi-65519105.html

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

2026

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

Жаңалықтар

kk_KK

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

https://sputnik.kz/img/978/09/9780916_173:0:2902:2047_1920x0_80_0_0_1bb729fe1200053b4804c560d9c7e855.jpg

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

үкімет, коммуналдық қызмет

үкімет, коммуналдық қызмет

Бозымбаев коммуналдық секторды жаңғырту жобаларын жеделдетуді тапсырды

Үкімет есептеу жүйесін цифрландыру арқылы ресурстарды тиімді пайдалануды көздеп отыр

АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қарағандыдағы көшпелі отырыста энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобаларын жеделдетуді және ресурстарды цифрлық есепке алуға көшуді тапсырды.

2026 жылы тұрғын үй-коммуналдық саласына шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Оның 791 млрд теңгесі "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" (ЭКСЖ) ұлттық жобасына бағытталған. Қазір 328 жоба жүзеге асырылып жатыр, тағы 257 жоба бойынша жалпы құны 457 млрд теңгеге конкурс өтуде.

Мониторингке сәйкес, Түркістан, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Шымкентте конкурс өткізу және келісімшарт жасау жұмыстары баяу жүріп жатыр. Бозымбаев жөндеу маусымының қысқалығын ескеріп, өңірлерге жұмысты жеделдетуді тапсырды.

"Жөндеу маусымы өте қысқа. Үкімет деңгейіндегі қажетті шешімдердің бәрі қабылданды. Ендігі кезең әкімдіктерге байланысты", — деді вице-премьер.

Өңірлер 1 қыркүйекке дейін дайын құжаттамасы бар жобалар бойынша жөндеу жұмыстарын бастап, ЭКСЖ электронды платформасы арқылы 2027 жылға өтінім беруге тиіс.

Қарағанды облысында биыл 85 млрд теңгеден астам сомаға жобалар іске асырылмақ. 2025 жылдан бері электронды платформаға өңір бойынша жалпы құны 134 млрд теңге болатын 30 жоба енгізілген. Оның 14-і бойынша 83,4 млрд теңгенің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2027 жылға құны 45,3 млрд теңге болатын тағы 12 жоба енгізілген.

Отырыста коммуналдық саланы цифрландыру және ресурстарды үнемдеу мәселелері де қаралды. Бозымбаев тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу механизмін әзірлеуді тапсырды. Норма шегінде бір тариф қолданылып, одан артық тұтынған жағдайда жоғары тариф белгіленуі мүмкін.

Сонымен қатар барлық тұтынушыны электронды есептегіштермен қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Вице-премьердің пікірінше, нақты деректерсіз коммуналдық ресурстардың тұтынуы мен шығынын бақылау және жасанды интеллект технологияларын енгізу мүмкін емес.

1 қыркүйекке дейін коммуналдық ресурстарды өндірістік және коммерциялық есепке алудың бірыңғай талаптары әзірленіп, бекітілуі керек. Есептегіштер қазақстандық қамту талаптарына сай болуы, ал деректерді беру бірыңғай стандартпен жүзеге асырылуға тиіс.

Ауыз су - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2026

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Коммунальную систему Казахстана решили перестроить: с чего начнут02.7828-07-2026
2Үкімет басшысы бірден көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейтуді тапсырды01011-08-2026
3«Digital Qazaqstan»: Ақпараттық қауіпсіздік саласының болашақ мамандары іріктелді012.4921-06-2026
4"ДӨО алқабының" алғашқы нысаны Павлодар облысында 2027 жылғы маусымда іске қосылады018.3313-08-2026
5В Якутске работу с ГЧП-проектами переведут в цифровой формат0029-03-2023
6Қазақстанның 500 мектебінде жасанды интеллекті енгізіле бастайды011.4826-05-2026
7Казахстан готов помогать странам СНГ в подготовке специалистов по работе с ИИ0010-10-2025
8Страны Центральной Азии намерены автоматизировать учет воды в Сырдарье012.8407-08-2026
9Казахстан предложил странам ЕАЭС сообща интегрировать цифровые сервисы0029-09-2025

Классификация: Национальные проекты. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 10. Источник: sputnik.kz.