Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

19 жастағы Елнар Қазақстанға 10 млрд долларлық жобаны қалай алып келді

Дата публикации: 14-08-2026 07:20:00

Елнар Салпеков Қазақстанда әлемдегі ең ірі AI жобаларының бірін іске асыруға ықпал етті

Основное содержимое страницы с новостью.

https://sputnik.kz/20260814/19-zhastagy-elnar-qazaqstanga-10-mlrd-dollarlyq-zhobany-qalay-alyp-keldi-65712980.html

19 жастағы Елнар Қазақстанға 10 млрд долларлық жобаны қалай алып келді

19 жастағы Елнар Қазақстанға 10 млрд долларлық жобаны қалай алып келді

Sputnik Қазақстан

Елнар Салпеков Қазақстанда әлемдегі ең ірі AI жобаларының бірін іске асыруға ықпал етті 14.08.2026, Sputnik Қазақстан

2026-08-14T12:20+0500

2026-08-14T12:20+0500

2026-08-14T12:56+0500

қазақстан

жоба

https://sputnik.kz/img/07ea/08/0e/65713176_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_b128e39513697fd7fdbf2cd5ab5ca15b.jpg

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Елнар Салпековтың мектеп бітіргеніне көп болған жоқ. Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі бүгінде әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — Калифорния университетінің Беркли кампусында білім алып жүр. Оқумен қатар жеке стартапын да дамытып жатыр. Жақында өз командасымен бірге Павлодар облысында заманауи жасанды интеллект деректер орталығын салуға бағытталған құны 10 млрд долларлық жобаны да Қазақстанға алып келді. Sputnik Қазақстан Smartestprep онлайн білім беру платформасы ұсынған ақпарат негізінде жас стартапер туралы қызықты деректерді жариялайды."Мүмкін емес нәрсе жоқ"Елнар мектепте оқып жүргенде мүмкін емес нәрсе жоқ екенін түсінген. Ол үшін тек шын ниетпен еңбек ету керек.Оның айтуынша, компанияның негізгі жұмысын ересектер жүргізген. Алғашқы бизнесі ұзаққа бармаса да, дәл осы тәжірибе оның өмірге деген көзқарасын түбегейлі өзгертті."Мен өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ екенін түсіндім. Содан бері үнемі жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жобаларды іздеумен келемін", — дейді ол.Берклиге қалай түстіЕлнар Салпеков бірінші болып Халықаралық тарих олимпиадасында (International History Olympiad, IHO) медаль жеңіп алған. Ауыл мектептерінің оқушыларына Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсуге көмектесіп, өз командасымен бірге мыңдаған баланың тағылымдамасын ұйымдастырған. Сол кезде АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Лаура Вайгорова бірлесіп құрған Study With Us білім беру бағдарламасына да қатысуға шешім қабылдаған. Соның аясында дарынды мектеп оқушылары шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге тегін дайындалады.Елнарға Smartest Prep орталығы да көмектескен. Осылайша, SAT бойынша 1500 балл, ал IELTS-тен 8.0 ұпайы бар түлек Калифорния университетінің Беркли кампусына оқуға түскен. Ал оның оқу ақысын Google компаниясының бұрынғы бас директоры Эрик Шмидт негізін қалаған Rise қоры толығымен төлейді.Жеке жобасы қандайЕлнар оқумен қатар досы Асқар Әлмұхаметовпен бірге Қазақстан университеттеріне түсу үдерісін жеңілдететін Q App стартапын да бастаған. Бүгінде осы онлайн-платформаны Қазақстан мен Өзбекстанның 70-тен астам жоғары оқу орны пайдаланады. Жобаға 200 мың доллардан астам инвестиция тартылған."Біз Қазақстан университеттеріне онлайн түрде құжат тапсыруға арналған платформа жасап жатырмыз. Қазір көптеген талапкер кезекте тұрып, құжаттарын қолма-қол тапсырып жатады. Біз осы процесті цифрландырып жатырмыз. Адам бір рет өтінім толтырып, бірден бірнеше университетке құжат жолдай алады", — дейді ол.Қазақстанға 10 млрд доллар тартылдыЖасанды интеллект саласындағы әлемдегі ең ірі жобалардың бірін Қазақстанға тарту Елнардың өміріндегі ең ауқымды жоба болды. Берклиде оқып жүргенде серіктесі Асқар Әлмұхаметов Firebird компаниясының негізін қалаушы, NVIDIA-ның ресми серіктесі Размик Овакимянмен танысқан. Бұл компания жасанды интеллектке арналған заманауи деректер орталықтарын салады. Орталықтарда ChatGPT секілді жасанды интеллект жүйелерінің сұраныстары өңделеді. Компания осындай алғашқы жобасын Арменияда 4 млрд долларға жүзеге асырған. Ал келесі нысанды Қазақстанда, Өзбекстанда немесе Тунисте салуды жоспарлаған.Пенсильвания университетінің Уортон бизнес мектебінде (UPenn Wharton) білім алып жүрген Жания Кенжеғалиева да елеулі үлесін қосқан. Ол Firebird командасының Қазақстанға сапарына қатысты аналитикалық және таныстырылым материалдарын әзірлеуге, сондай-ақ сапарды ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіруге қатысқан.Қазақстандағы жоба несімен тиімдіFirebird компаниясы салатын нысан майнингке арналған деректер орталығы емес."Мұндай орталықтар жасанды интеллект жүйелерінің сұраныстарын өңдеп, есептеу қуатын бүкіл әлемге сатады. Демек, Қазақстан жоғары технологиялы цифрлық өнімді экспорттай алады. Жоба елге жыл сайын 2 млрд доллардан астам экспорттық табыс әкелуі мүмкін. Бұл Қазақстанның қазіргі ІТ экспортының көлемінен де жоғары. Ең бастысы, елімізде өзіміздің AI-инфрақұрылым қалыптасады. Бұл Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы тәуелсіздігін айтарлықтай күшейтеді", — дейді Елнар.Салпеков осы ауқымды бастамаларды жүзеге асыру үшін оқуынан академиялық демалыс алған. Артынан Берклиге қайта оралып, білімін аяқтауды жоспарлап отыр.

https://sputnik.kz/20221013/student-ulken-sandardy-kalkulyatorsyz-esepteudin-formulasyn-oylap-tapty-28427946.html

қазақстан

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

2026

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

Жаңалықтар

kk_KK

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

https://sputnik.kz/img/07ea/08/0e/65713176_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_ba0cca96d602b84b1d340960795d8f9f.jpg

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

қазақстан, жоба

12:20 14.08.2026 (жаңартылды: 12:56 14.08.2026)

Елнар Салпеков Қазақстанда әлемдегі ең ірі AI жобаларының бірін іске асыруға ықпал етті

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Елнар Салпековтың мектеп бітіргеніне көп болған жоқ. Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі бүгінде әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — Калифорния университетінің Беркли кампусында білім алып жүр. Оқумен қатар жеке стартапын да дамытып жатыр. Жақында өз командасымен бірге Павлодар облысында заманауи жасанды интеллект деректер орталығын салуға бағытталған құны 10 млрд долларлық жобаны да Қазақстанға алып келді. Sputnik Қазақстан Smartestprep онлайн білім беру платформасы ұсынған ақпарат негізінде жас стартапер туралы қызықты деректерді жариялайды.

"Мүмкін емес нәрсе жоқ"

Елнар мектепте оқып жүргенде мүмкін емес нәрсе жоқ екенін түсінген. Ол үшін тек шын ниетпен еңбек ету керек.

"Ол кезде жасым 12–13-те еді. Досым екеуміз жеміс чипсыларын жасап, мектепте сататынбыз. Артынан бұны бизнеске айналдыруды ойладық. Досым кездейсоқ бір инвестор — мейрамхана иесіне барып, идеямызды айтып көрген. Сонда менің таңғалғаным, кәсіпкер бізді тыңдауға келісті. Біз оған бизнес-жоспарымызды дайындап, жобаны таныстырдық. Сөйтіп, ол бізге 60 мың доллар инвестиция салуға келісті", - деп еске алды Салпеков.

Оның айтуынша, компанияның негізгі жұмысын ересектер жүргізген. Алғашқы бизнесі ұзаққа бармаса да, дәл осы тәжірибе оның өмірге деген көзқарасын түбегейлі өзгертті.

"Мен өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ екенін түсіндім. Содан бері үнемі жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жобаларды іздеумен келемін", — дейді ол.

Берклиге қалай түсті

Елнар Салпеков бірінші болып Халықаралық тарих олимпиадасында (International History Olympiad, IHO) медаль жеңіп алған. Ауыл мектептерінің оқушыларына Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсуге көмектесіп, өз командасымен бірге мыңдаған баланың тағылымдамасын ұйымдастырған. Сол кезде АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Лаура Вайгорова бірлесіп құрған Study With Us білім беру бағдарламасына да қатысуға шешім қабылдаған. Соның аясында дарынды мектеп оқушылары шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге тегін дайындалады.

Елнарға Smartest Prep орталығы да көмектескен. Осылайша, SAT бойынша 1500 балл, ал IELTS-тен 8.0 ұпайы бар түлек Калифорния университетінің Беркли кампусына оқуға түскен. Ал оның оқу ақысын Google компаниясының бұрынғы бас директоры Эрик Шмидт негізін қалаған Rise қоры толығымен төлейді.

Жеке жобасы қандай

Елнар оқумен қатар досы Асқар Әлмұхаметовпен бірге Қазақстан университеттеріне түсу үдерісін жеңілдететін Q App стартапын да бастаған. Бүгінде осы онлайн-платформаны Қазақстан мен Өзбекстанның 70-тен астам жоғары оқу орны пайдаланады. Жобаға 200 мың доллардан астам инвестиция тартылған.

"Біз Қазақстан университеттеріне онлайн түрде құжат тапсыруға арналған платформа жасап жатырмыз. Қазір көптеген талапкер кезекте тұрып, құжаттарын қолма-қол тапсырып жатады. Біз осы процесті цифрландырып жатырмыз. Адам бір рет өтінім толтырып, бірден бірнеше университетке құжат жолдай алады", — дейді ол.

Қазақстанға 10 млрд доллар тартылды

Жасанды интеллект саласындағы әлемдегі ең ірі жобалардың бірін Қазақстанға тарту Елнардың өміріндегі ең ауқымды жоба болды. Берклиде оқып жүргенде серіктесі Асқар Әлмұхаметов Firebird компаниясының негізін қалаушы, NVIDIA-ның ресми серіктесі Размик Овакимянмен танысқан. Бұл компания жасанды интеллектке арналған заманауи деректер орталықтарын салады. Орталықтарда ChatGPT секілді жасанды интеллект жүйелерінің сұраныстары өңделеді. Компания осындай алғашқы жобасын Арменияда 4 млрд долларға жүзеге асырған. Ал келесі нысанды Қазақстанда, Өзбекстанда немесе Тунисте салуды жоспарлаған.

"Размик бізге хабарласты. Біз оларды Қазақстанға келуге көндірдік, елдің мүмкіндіктерін көрсеттік, мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруға көмектестік. Нәтижесінде олар басқа нұсқалардан бас тартып, Қазақстанды таңдады. Қазір компания 2027 жылы салынуы жоспарланған жасанды интеллект деректер орталығының құрылысына 10 млрд доллардан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр", — деп атап көрсетті Салпеков.

Пенсильвания университетінің Уортон бизнес мектебінде (UPenn Wharton) білім алып жүрген Жания Кенжеғалиева да елеулі үлесін қосқан. Ол Firebird командасының Қазақстанға сапарына қатысты аналитикалық және таныстырылым материалдарын әзірлеуге, сондай-ақ сапарды ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіруге қатысқан.

Қазақстандағы жоба несімен тиімді

Firebird компаниясы салатын нысан майнингке арналған деректер орталығы емес.

"Мұндай орталықтар жасанды интеллект жүйелерінің сұраныстарын өңдеп, есептеу қуатын бүкіл әлемге сатады. Демек, Қазақстан жоғары технологиялы цифрлық өнімді экспорттай алады. Жоба елге жыл сайын 2 млрд доллардан астам экспорттық табыс әкелуі мүмкін. Бұл Қазақстанның қазіргі ІТ экспортының көлемінен де жоғары. Ең бастысы, елімізде өзіміздің AI-инфрақұрылым қалыптасады. Бұл Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы тәуелсіздігін айтарлықтай күшейтеді", — дейді Елнар.

Салпеков осы ауқымды бастамаларды жүзеге асыру үшін оқуынан академиялық демалыс алған. Артынан Берклиге қайта оралып, білімін аяқтауды жоспарлап отыр.

Математика, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1«Digital Qazaqstan»: Ақпараттық қауіпсіздік саласының болашақ мамандары іріктелді012.4921-06-2026
2Казахстан планирует заимствовать на российском рынке до $1 млрд0012-03-2020
3Казахстан стал учредителем Всемирной организации сотрудничества по искусственному интеллекту0501-07-2026
4Казахстан готов помогать странам СНГ в подготовке специалистов по работе с ИИ0010-10-2025
5Зачем Павлу Дурову понадобился казахский суперкомпьютер0502-10-2025
6Қазақстанда 1,9 млн гектар алқаптан дәнді дақыл жиналды018.1414-08-2026
7Алматы облысында бизнесқа кедергі келтіргендер жауапқа тартылды016.2515-08-2026
8Казахстан направит более $10 млрд на развитие транспортной инфраструктуры до 2031 года010.6524-07-2026
9Премьер Казахстана предложил ввести технологии ИИ в информационную систему ЕАЭС08.6707-08-2026

Классификация: Экономика. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 17.17. Источник: sputnik.kz.