Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Жастар біліксіз блогер мен кереғар коучке еліктеп жүр

Дата публикации: 23-09-2026 12:14:00

Халық қолдап-қуаттаған жаңа Конституциямызда мәдениет, білім, ғылым, инновация құндылығы айрықша жазылғаны мәлім. 


Основное содержимое страницы с новостью.

Халық қолдап-қуаттаған жаңа Конституциямызда мәдениет, білім, ғылым, инновация құндылығы айрықша жазылғаны мәлім. 

Бүгінде ғылым мен инновация – жаңару мен ел сапасының маңызды тетігі. Ата заңдағы құндылық пен басымдық енді өміріміздің мәніне, өзегіне айналуға тиіс. Әсіресе, ғылым мен инновацияның негізі мектепте жүйелі оқытылып, үзіліссіз жалғасуы шарт.

Өкінішке қарай, бүгінгі жасөспірімдер мен жастардың біршама бөлігі қайбір біліксіз блогер мен кереғар коучке еліктейтіні, тіпті көп тер төкпей-ақ мол қаржы табуға сенетіні байқалады. Бұл – дана Абай сынаған "бес дұшпан істің" жолы. Еліміз "Әділет!" деп жаңарғанда, бұрынғы-кейінгі тоғышарлыққа, орынсыз еліктеп-солықтауға жол жоқ.

Дәл қазір елімізге инженерлік-технологиялық ой, ізденіс, өнертабыс ауадай қажет. Иә, рухани жетілу ұмытылмайды. Тереңірек қарасақ, Тәуелсіздік мұратының өзі – мәдени қазына, адастырмас темірқазық. Бүгін ХХ ғасырдың бас ширегіндегі инженер Мұхамеджан Тынышбайұлы, медик-биолог Халел Досмұхамедұлы, математик Ибадулла Ақбергенұлы, кеңес кезеңіндегі академиктер - инженер Қаныш Сәтбаев, энергетик Шапық Шөкин, молекуляр-биолог Мұрат Айтқожин, қазақ қыздарынан шыққан алғашқы академиктер – геолог Патшайым Тәжібаева, тұңғыш техника ғылымдарының докторы , маркшейдер Жамал Қаңлыбаева, заманымыздың біртуар академиктері – антрополог Оразақ Ысмағұлов, математик Мұхтарбай Өтелбай, генетик Рахметқажы Берсімбай сынды жүздеген тұлғаларды оқушыға да, студентке де үлгі ете білу - борышымыз. Гендік, медициналық инженерия, STEM мамандықтарының бастауы өз дәстүрімізде тұр.

Қоғамға пайда әкелетін ақыл-ой мен білім-білік қоры "адам капиталы" деп аталады. Ғалым, инженер, өнертапқыш т.б. интеллектуал тұлғалардың қоғамдық беделін, бейнесін жас буынға ұғындыратын жоба әзірленіп, ғылымға, технологияға елеулі үлес қосқан бұрынғы-кейінгі тұлғаларды ақпарат құралдарында, цифрлық платформаларда үзбей кең насихаттау жолға қойылса дейміз. Инженерлік-техникалық, жаратылыстану мамандықтарына талантты жастарды тарту мен баулудың тиімді бағдарламалары жасалып, орта білім жүйесінің, соның ішінде келешек мектептері мен Оқушылар сарайларының жұмыс нәтижесіне (КРІ) инженерлік-техникалық, жаратылыстану мамандықтарына қатысты конструкторлық алаңдар мен үйірмелердің табысы жеке көрсеткіш болып енгені маңызды.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Жаңартылған Конституция – ғылым мен білімнің жаңа мүмкіндіктері5713-02-2026
2Серік Бейсембаев, әлеуметтанушы: «Жаңа Конституция – биліктің ауысуын қауіпсіз етуге бағытталған құжат»08.9803-02-2026
3Әділ қоғам құрудың негізі5709-03-2026
4Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады6725-06-2026
5Ел болашағына бастар маңызды қадам018.4508-08-2026
6Аида Балаева: Новый политический цикл должен стать временем качества09.227-08-2026
7Конституция для народа: Основной закон отражает запросы общества5703-07-2026
8Президент утвердил состав Қазақстан Халық Кеңесі07.7122-09-2026
9Цифрлық ортада өз бетінше шешім қабылдау дағдысы балаға өмір бойы қажет01022-09-2026
10Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды0503-07-2026

Классификация: Партнеры. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 10. Источник: inbusiness.kz.