Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

НАТО Ресейдің ықтимал шабуылына тойтарыс беру жоспарымен бөлісті

Дата публикации: 13-10-2026 05:48:00

«Жеңіс теориясы» деп аталатын тұжырымдама қарсыласты 3 кезеңмен талқандауды көздейді.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

"Жеңіс теориясы" деп аталатын тұжырымдама қарсыласты 3 кезеңмен талқандауды көздейді.  

Бұл туралы НАТО-ның Еуропадағы одақтас күштерінің бас қолбасшысы Алексус Гринкевич айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол альянсқа мүше елдердің біріне Ресей шабуыл жасаған жағдайда іске асырылатын жаңа іс-қимыл жоспарын таныстырған. 

Бірінші кезең Block ("Тосқауыл қою") деп аталады. Бұл кезеңде НАТО күштері қарсыластың бастапқы шабуылын тоқтатуы тиіс. Егер қарсылас шабуылды жалғастырып, ілгерілеуге ұмтылса, альянс екінші кезеңге – Blunt ("Соққы күшін әлсірету") кезеңіне көшеді. Оның мақсаты – шабуылдаушы әскердің одан әрі алға жылжуына мүмкіндік бермеу.

Үшінші кезең Break ("Талқандау") деп аталады. Бұл кезең қарсыластың шабуылдаушы бөлімшелерін ғана емес, олардың іс-қимылын қамтамасыз ететін тұтас әскери жүйені де жоюды көздейді. Ол үшін НАТО қарсыластың жабдықтау жолдарын кесуді, басқару жүйелерін істен шығаруды және шабуылдаушы әскердің жауынгерлік қабілетін жоюды жоспарлап отыр.

Варшавада өткен Қауіпсіздік форумында сөз сөйлеген Гринкевичтің сөзінше, НАТО бұл тұжырымдаманы бірнеше жылдан бері әзірлеп келеді. Десе де, соңғы оқиғаларды ескере отырып, альянс басшылығы оны алғаш рет көпшілікке жариялауға шешім қабылдаған.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1«Салмақ қосып жүрмін деп ойлаған»: Алматыда әйелдің ішінен 3 келілік ісік алынды012.614-10-2026
2Талдықорғанда ұлттық жоба аясында 4,5 шақырым жылу желісі жаңартылды021.1114-10-2026
3ТАСС: у НАТО разногласия по мандату сил, которые они обещают послать на Украину0020-08-2025
4Құрылтайда 3 жылдық бюджет жобасы қаралды02014-10-2026
5НАТО придумало рецепт победы над русскими01025-08-2026
6Страна НАТО подняла истребители у границы Украины01013-08-2026
7CNN: для противодействия воздушному объекту в Польше задействовали технику НАТО06.4930-07-2026
8На одной из строек в Феодосии сотрудники военно-следственного отдела и военной комендатуры провели рейд017.1415-08-2026
9Над Крымом уничтожили три беспилотника0022-02-2025

Классификация: Армия и ОПК. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 15.56. Источник: inbusiness.kz.