Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін мерзім белгілі болды

Дата публикации: 13-10-2026 12:44:00

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау мәселесі қаралды.
 
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау мәселесі қаралды.    

Жоспарға сәйкес, ұсыну және өзін-өзі ұсыну кезеңі 14 қазанда басталады және 27 қазанда сағат 18:00–де аяқталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жақында ғана Қазақстан Республикасының құрылтайының депутаттарын сайлау өткізілді. Енді мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу бойынша жаңа сайлау науқанына кірісеміз. Қазақстан Республикасы Президентінің барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлығына сәйкес сайлау науқанын ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған тиісті жұмыстар басталады, – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сайлау туралы конституциялық заңның 101-бабының үшінші тармағына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өкілеттіктердің мерзімі тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей өткізуі қажет.

– ҚР сайлау туралы заңның 12-бабының 14-тармақшасына, 101-бабының 3-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес және Президенттің барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығының негізінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасында мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындау туралы қаулы жобасын ұсынады, – деді ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

Мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлінісінің халқы жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланбақ.

29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Құрылтай сайлауы: 22 тамыз - "тыныштық күні"013.0922-08-2026
2ЦИК Казахстана зарегистрировал кандидатов на местные выборы, избираемых по партспискам0018-02-2023
3Явка на выборах в парламент Казахстана к 16:00 мск превысила 72%017.0923-08-2026
4Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстан атынан 7 спортшы қатысады01512-10-2026
5День тишины наступил в Казахстане перед выборами депутатов верхней палаты парламента0012-01-2023
6В Казахстане пройдут выборы 17 депутатов верхней палаты парламента0011-08-2020
7В Казахстане избрали 20 депутатов верхней палаты парламента0016-01-2023
8Явка на парламентских выборах в Казахстане превысила 65%013.1923-08-2026
9На всей территории Казахстана завершилось голосование на выборах в парламент0019-03-2023
10"Билік бақылауды күшейту жолын таңдады": Әлеуметтанушы сайлау қарсаңындағы Қазақстанды сипаттады09.3715-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 10. Источник: inbusiness.kz.