Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Еуропадағы ірі логистикалық орталықтың бірі ретінде Бельгияның бай тәжірибесінен үйренеріміз көп – Президент

Дата публикации: 13-10-2026 15:10:00

​Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, көлік-логистика қарым-қатынасты нығайтатын негізгі бағыттардың бірі саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

​Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, көлік-логистика қарым-қатынасты нығайтатын негізгі бағыттардың бірі саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Президент Қазақстан теміржол және автокөлік инфрақұрылымын, Орта дәліз бойындағы теңіз порттары мен терминалдарын жаңғыртуға ауқымды инвестиция құйып жатқанын мәлімдеді.

“Осы орайда, Еуропадағы ірі логистикалық орталықтың бірі ретінде Бельгияның бай тәжірибесінен үйренеріміз көп. Антверпен-Брюгге порт кешені мен Каспий теңізіндегі Ақтау, Құрық порттары арасында нәтижелі серіктестік орнайтынына сенімдіміз. Бұл Қазақстанның металл, мұнай химиясы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін үлкен нарыққа шығаруға мүмкіндік береді”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен технологиялық индустрияны дамыту өзара серіктестіктің негізгі басымдығы екенін айтты.

“Жасанды интеллект пен цифрлық технология мүмкіндігін пайдалана отырып, AlemAi, Alatau City секілді ірі бастамаларды жедел іске асырамыз. Өнеркәсіптің озық салалары аталған орталықтарда қалыптасады. Бельгияның жартылай өткізгіштерді зерттеу саласында позициясы мықты. Осы артықшылықты ескеріп, бірлескен жобаларды іске асыруға және серіктестікті дамытуға болады”, – деді Президент. 

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1«Халқымыз осындай аралас-құраластықты бағалайды»: Қазақстан Президентінің Бельгия Короліне айтқаны012.2813-10-2026
2Қазақстан әлем экономикасында ерекше орны бар аймақтық сауда орталығына айналды – Бельгия Королі09.4413-10-2026
3Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіреді – Мемлекет басшысы013.8513-10-2026
4 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия жұбы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады011.6713-10-2026
5Токаев заявил о росте автомобильных грузоперевозок между Казахстаном и Россией06.9125-07-2026
6Токаев рассказал о ведущей роли Казахстана и России в развитии логистики09.3125-07-2026
7В Казахстане воссоздадут министерство транспорта в рамках развитие отрасли0001-09-2023
8Токаев сообщил, что Казахстан в транспортной сфере продолжит сотрудничество с РФ и Китаем0001-09-2023
9Токаев предложил запустить транспортный цифровой коридор между Казахстаном и РФ09.8225-07-2026
10Токаев заявил, что перевозки по Транскаспийскому маршруту можно увеличить в пять раз0001-09-2023

Классификация: Пресс-релизы. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 9.25. Источник: inbusiness.kz.