Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Қазақстанда балалардың медициналық тексеруі туралы ата-аналарға SMS жіберіледі

Дата публикации: 14-10-2026 04:40:00

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
 


Основное содержимое страницы с новостью.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  

Биыл алты айда Қазақстанда мектеп жасындағы балалардан 80 169 тіс жегісі жағдайы анықталды. Ал 2027 жылдан бастап ата-аналарға балаларының жоспарлы медициналық тексеруі туралы SMS-хабарлама жіберу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрліктің дерегінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 3,6 млн бала профилактикалық медициналық тексеруден өткен. Нәтижесінде 302 мың баладан түрлі ауру анықталып, 119 мыңнан астамы динамикалық бақылауға алынған.

Тіс жегісінен бөлек, балалар арасында қаназдық пен көру қабілетінің бұзылуы да жиі кездеседі.

Стоматологиялық аурулардың алдын алу үшін "Болашаққа сау тіспен" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соңғы екі жылда жоба аясында 166 профилактикалық кабинет ашылған. Онда оқушыларға ауыз қуысының күтімі үйретіліп, тіс ауруларының алдын алуға басымдық беріледі.

2025 жылдан бастап мектептерде балалардың рационындағы қант пен тұз мөлшерін азайтуға бағытталған жаңа тамақтану стандарты енгізілді.

Министрлік профилактикалық тексерулер жүйесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын да енгізіп жатыр. Ал 2027 жылдан бастап жіберілетін SMS-хабарламалар ата-аналарға медициналық тексеру мерзімін алдын ала ескертіп, балаларын дәрігерге уақтылы апаруға мүмкіндік береді.

Мамандар тіс жегісінің алдын алу үшін тәтті сусындар мен қант мөлшері жоғары тағамдарды тұтынуды шектеп, ауыз қуысының гигиенасын сақтауға кеңес береді.

Telegram

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында

Жазылу

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды0503-07-2026
2Тамақтан уланған: Алматыда физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түсті028.7514-10-2026
3Информацию о продаже данных казахстанцев в даркнете прокомментировало министерство ИИ06.6412-08-2026
4Қазақстан мен Палестина ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды01012-08-2026
5Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстан атынан 7 спортшы қатысады01512-10-2026
6Цифрлық ортада өз бетінше шешім қабылдау дағдысы балаға өмір бойы қажет01022-09-2026
7Главный санврач и вице-министр здравоохранения Казахстана привились вакциной "Спутник V"0001-02-2021
8Қазақстандық дәрігерлер Кабул қаласында ондаған күрделі ота жасады0526-06-2026
9В Казахстане запретят продажу табачных изделий лицам младше 21 года0017-06-2020
10В Казахстане восстановили доступ к LinkedIn0029-07-2021

Классификация: Общество. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 14.93. Источник: inbusiness.kz.