Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Журналистерді қорғау комитеті Гүлнәр Бажкеноваға шығарылған үкімді айыптады

Дата публикации: 20-08-2026 08:30:00

Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) қазақстандық Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы сегіз жылға бостандығынан айыру туралы сот үкімін айыптады. Халықаралық ұйым Қазақстан билігін журналисті босатуға және тәуелсіз БАҚ өкілдерін қылмыстық іс қозғап қудалауды доғаруға үндеді.
"Гүлнәр Бажкенованы сегіз жылға бостандығынан айыру жазасы Қазақстандағы баспасөз еркіндігіне жасалған қатты соққы болды", — деп мәлімдеді CPJ ұйымының Нью-Йорктегі бағдарлама директоры Карлос...

Основное содержимое страницы с новостью.

Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) қазақстандық Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы сегіз жылға бостандығынан айыру туралы сот үкімін айыптады. Халықаралық ұйым Қазақстан билігін журналисті босатуға және тәуелсіз БАҚ өкілдерін қылмыстық іс қозғап қудалауды доғаруға үндеді.

"Гүлнәр Бажкенованы сегіз жылға бостандығынан айыру жазасы Қазақстандағы баспасөз еркіндігіне жасалған қатты соққы болды", — деп мәлімдеді CPJ ұйымының Нью-Йорктегі бағдарлама директоры Карлос Мартинес де ла Серна.

Оның сөзінше, Бажкеноваға шығарылған үкім елде 23 тамызда өтетін парламент сайлауы қарсаңында биліктің баспасөздің үнін өшіргісі келетінін аңғартатын тұтқындаулар мен соттаулар үрдісінің бір бөлігі іспеттес болып отыр.

Журналистерді қорғау комитеті Қазақстан билігін қылмыстық заңнаманы журналист пен басқа да тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына қысым жасауға пайдалануды тоқтатуға шақырды.

18 тамызда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Гүлнәр Бажкенованы сегіз жыл мерзімге қамау туралы үкім шығарған. Ол әлі күшіне енген жоқ. Журналистің 14 жасқа толмаған баласы бар болғандықтан, жазаны орындау екі жылға кейінге қалдырылды.

Сот Бажкенованы Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп таныды: көрінеу жалған ақпарат тарату, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу және заңсыз кәсіпкерлік қызмет.

Сот оған бес жыл бойы журналистикамен айналысуға, блог жүргізуге және қоғамдық жұмыстарға араласуға, сондай-ақ БАҚ-пен байланысты ұйымдарда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салды.

Тергеу қорытындысында Гүлнәр Бажкенова 2024 және 2025 жылдар аралығында Orda.kz редакциясын басқарған кезде компания шоттарынан 88 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз жұмсағаны айтылған. Бұған қоса оған интернет пен әлеуметтік желілер арқылы сегіз рет жалған ақпарат таратқан деген айып тақты.

Бажкенова тағылған айыптарды мойындаған жоқ.

Журналистерді қорғау комитеті Қазақстанның сыртқы істер министрлігі арқылы Бас прокуратураға электрон поштамен жолдаған хатқа дереу жауап ала алмаған.

Бажкенова былтыр 1 желтоқсанда оның пәтерінде және Алматы мен Астанадағы Orda.kz кеңселерінде тінту жүргізілгеннен кейін тергеуге алынып, үйқамаққа отырғызылған. CPJ сол кездегі Қазақстан билігін журналистке тағылған "жалған ақпарат" тарату туралы айыптауды алып тастауға және редакцияның жұмысын жалғастыруына мүмкіндік беруге шақырған.

Бажкеноваға үкім шығар күннің қарсаңында қазақстандық және халықаралық бірнеше құқық қорғаушы ұйым бірлескен мәлімдеме жасап, Қазақстан билігін "журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына қысымның кез-келген түрін дереу тоқтатуға, қылмыстық және әкімшілік заңдарды тәуелсіз журналистикаға кедергі жасауға немесе оларды жазалау үшін қолданбауға, оған қоса журналистер мен БАҚ-тарға алдағы болатын сайлау және қоғамдық маңызы бар мәселелер жөнінде қудалау мен қысымға тап боламын деп қорықпай еркін хабар таратуына мүмкіндік беруге" үндеген. Оның алдында "Құқықтық медиаорталық" ұйымы Қазақстанда тәуелсіз БАҚ-тарға қысым күшейіп жатыр деп мәлімдеген.

17 тамызда Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзі басқаратын министрлік масс-медиа саласындағы уәкілетті орган ретінде ең алдымен сөз бостандығына кепілдік беретін заңды құқықтардың жүзеге асуына қолдау көрсетеді деп жазды әлеуметтік желідегі парағына. "Мемлекет азаматтардың ой-пікірін білдіру құқығын және сөз еркіндігін шектеуге мүдделі емес" деді министр.

  • Журналист, медиаменеджер Гүлнәр Бажкенова бұрын түрлі ірі медиажобаларға жетекшілік еткен. Былтыр үстінен қылмыстық іс қозғалғанға дейін ол Orda.kz интернет-басылымының бас редакторы болып істеген.
  • Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) – журналистер құқығын қорғайтын және күллі әлемде сөз бостандығын насихаттайтын тәуелсіз, халықаралық коммерциялық емес ұйым. 1981 жылы құрылған ұйымның штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан.
Айдар

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Гүлнар Бажкенова ісі: журналистік жауапкершілік пен ақпарат еркіндігі мәселесі08.2604-07-2026
2Гамлет и Дон Кихот, подделка подписей и 8 лет приговора: последнее слово казахстанской журналистки Гульнар Бажкеновой в суде09.7819-08-2026
3Moment of Truth: The Case Against Orda.kz Editor Begins0530-06-2026
4Заңгер Гүлмира Біржанова: Мемлекет БАҚ-ты қарсылас емес, серіктес әрі қоғаммен байланыстырушы құрал ретінде қабылдауы керек06.4310-02-2026
5Бас прокуратура Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жасады08.9221-08-2026
6Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды0527-06-2026
7Аида Балаева: Журналистиканың басты қағидаты – аудитория сенімі 0328-06-2026
8"Жаназаға ғана баруға рұқсат". Қоғамдық қызметіне тыйым салынған қазақстандықтар қалай күн кешеді?0901-07-2026
9Журналист үні жетпейтіндердің үнін жоғарыға жеткізуді мақсат етуі керек011.8210-03-2026
10Құрылтай сайлауына халық құлшынып отыр ма? Азаттықта пікірталас. 015.9520-08-2026

Классификация: Информация. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 7.93. Источник: www.azattyq.org.