Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Трамп Иран "бұрын-соңды болмаған" экономикалық құрсауға алынатынын мәлімдеді

Дата публикации: 21-08-2026 02:45:00

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық операция басталғанын жариялады. Оның сөзінше, тарихта бұрын-соңды ешбір елге қарсы мұндай операция болмаған.
"Иран Ислам Республикасына келісім жасауға дәл мендей ешкім мүмкіндік берген емес. Өкінішке қарай, олар оны пайдаланбады. Сондықтан бүгін мен бұған дейін ешбір елге қарсы жүргізілмеген ең жойқын экономикалық операцияны жариялаймын! Бұл экономикалық соғыс және бұрын-соңды болмаған ауқымдағы оқшаулау болады", – деп жазды...

Основное содержимое страницы с новостью.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық операция басталғанын жариялады. Оның сөзінше, тарихта бұрын-соңды ешбір елге қарсы мұндай операция болмаған.

"Иран Ислам Республикасына келісім жасауға дәл мендей ешкім мүмкіндік берген емес. Өкінішке қарай, олар оны пайдаланбады. Сондықтан бүгін мен бұған дейін ешбір елге қарсы жүргізілмеген ең жойқын экономикалық операцияны жариялаймын! Бұл экономикалық соғыс және бұрын-соңды болмаған ауқымдағы оқшаулау болады", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парағына.

Ол Иранға көмектесетін кез келген ел "орасан зор экономикалық салдарға" тап болатынын ескертті, алайда қандай салдар екенін нақтыламады.

Трамп Иранға қарсы қабылданып жатқан шараларды "Экономикалық D күні" деп атап (1944 жылғы 6 маусымда, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде одақтастардың Нормандияға түскен күн), АҚШ-тың одақтастарын Иранды оқшаулауға қатысуға шақырды.

Трамп бұған дейін Иранға жойқын әскери шабуылдар жасалатынын айтып сес көрсеткен, бірақ кейінгі кезде ол жоспарынан бас тартып, экономикалық қысым жасау жайлы айтып жүр.

Жақында ол журналистердің сұрағына берген жауабында, Иран "жауып тастадық" деп мәлімдеген Ормуз бұғазы АҚШ бақылауында деген сөзін қайталады. Трамп Иранмен арадағы қазіргі жағдайға көңілі толатынын мәлімдеп, кезі келген сәтте Тегеранмен келіссөз қайта басталуы мүмкін екенін атап өтті.

Айдар

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Трамп заявил о начале экономической войны против Ирана07.319-08-2026
2Трамп заявил о начале экономической войны против Ирана06.7420-08-2026
3Трамп пригрозил Ирану "самой сокрушительной экономической операцией"010.6120-08-2026
4Трамп назвал операцию против Ирана изоляцией беспрецедентного масштаба04.6219-08-2026
5Ирану грозят экономическим разбитием // Дональд Трамп намерен перейти от простого давления к «сокрушительному»07.3520-08-2026
6Трамп заявил, что Иран пока не готов к правильной сделке с США05.5421-08-2026
7Трамп объявил о начале экономической войны против Ирана06.9420-08-2026
8Трамп усилит экономическое давление на Иран, избегая войны07.4209-08-2026
9Трамп объявил о самых жёстких экономических санкциях против Ирана07.4220-08-2026
10Serok Trump Operasyona Aborî ya Herî Kujer li Dijî Îranê Ragihand05.1820-08-2026

Классификация: . Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 6.4. Источник: www.azattyq.org.