Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Алматы облысында алқабилер күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелді ақтады

Дата публикации: 11-08-2026 09:39:49

Алматы облысында алқабилер күйеуін қасақана өлтірді деп айыпталған 38 жастағы әйелді ақтады. Ер адам жанжал кезінде кеуде тұсынан бір рет пышақталып, мерт болған. Істі Қаскелеңдегі Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Адвокаттың айтуынша, алқабилердің шешімі 10 тамыз кешке жарияланған.
"Алқабилердің вердиктімен Қ. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен тағылған айып бойынша кінәлі емес деп танылып, осыған байланысты сот ақтау үкімін шығарды" деп келтірді сот үкімін Алматы облыстық соты Instagram-парақшасында.
Тергеу деректері
Айыптау материалдарына сәйкес, М. К. есімді әйел мен Д. Р. есемді ер адам 2009 жылдан бері бірге тұрып, 2014 жылы ресми некесін қиған. Екеуінің төрт баласы бар. Әйелдің қазір бесінші балаға аяғы ауыр. Оқиға биыл 1 мамырда Алматы облысы Шеңгелді ауылында болған.
Айыптау актісіндегі ақпаратқа қарағанда, 1 мамыр кешке ерлі-зайыпты арасында жанжал туып, дау кезінде әйел ажырасатынын және балалардың кереуеттерін алып кететінін айтқан. Осы кезде күйеуі қол жұмсап, әйелі жақын маңда тұратын күйеуінің туысына барып, полиция шақыру үшін телефон сұраған. Бірақ оған телефон бермеген. Іс құжаттарына қарағанда, туыстары әйелді сабырға шақырып, татуластырмақ болған. Кейін әйел көршілеріне барып, сол үйден асүйде жатқан пышақты алып келген. Сөйтіп күйеу төсектен тұра бергенде әйел оның кеуде тұсына пышақ сұғып, үйден жүгіріп шыққан.
Осы сәтте үйде болған куәгер туысының сөзінше, жараланған ер адам орнынан тұрып, басқа бөлмеге барып, сол жерде құлаған. Жедел жәрдем келгенше, ер адам қайтыс болған. Сот-медициналық сараптама пышақ жарақатының жүрек пен сол жақ өкпені зақымдағанын анықтаған. Өлімге көп қан жоғалту себеп болған деп көрсетіледі.
Тергеушілер жанжал кезінде әйел күйеуін өлтіру ниеті пайда болды деген қорытындыға келген. Айыптау тарапының нұсқасы бойынша, әйел пышақ алып, үйіне оралған, Д. Р.-ға жақындап, оның жүрек тұсына соққы жасаған. Осыған байланысты прокуратура оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі – басқа адамды қасақана өлтіру бойынша айып таққан.
Айыптау актісінде әйел бұрын сотты болмағаны көрсетілген. Тергеу оның жүкті екенін, кішкентай баласы барын және өкінетінін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныған. Іс бойынша жүргізілген кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама әйелдің психикалық ауытқуы жоқ екенін анықтаған. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, ол өз әрекетінің мәнін түсіне алған және оқиға кезінде физиологиялық аффект жағдайында болмаған.
Қорғау тарабы не дейді?
Айыпталушының адвокаты Ғалым Нұрпейісов әйелдің күйеуіне пышақ салғанын жоққа шығармайды. Бірақ, оның айтуынша, соттағы негізгі мәселе – әйелдің күйеуін өлтіру ниеті болды ма, жоқ па деген сұрақ болған. Қорғау тарабы 1 мамыр кешіндегі оқиғаны отбасының бұған дейінгі өмірінен бөлек қарауға болмайды деп есептейді.
Нұрпейісовтің айтуынша, ерлі-зайыпты шамамен 16 жыл бірге тұрған. Адвокат осы уақыт ішінде күйеуі әйеліне жүйелі түрде зәбір көрсетіп, ұрып-соққанын айтады. Нұрпейісовтің сөзінше, әйел күйеуінен кетуге бірнеше рет тырысқан, алайда ол жібермеген.
Әйел тергеу кезінде осы жағдай болған күні күйеуі оны шап тұсынан тепкенін айтқан. Айыптау актісінде сот-медициналық сараптамасының қорытындысы келтірілген. Оған сәйкес, әйелдің шат тұсынан сыдырылған жаралар анықталған. Сарапшылар бұл жарақаттар қатты доғал заттың әсерінен болған деген қорытындыға келген.
Нұрпейісовтің айтуынша, қорғау тарабы істі алқабилердің қатысуымен қарауды сұраған. Қорғаушылар алқабилер тек адам өліміне әкелген бірнеше минуттық оқиғаны емес, ерлі-зайыптының бұған дейінгі отбасылық өмірін де ескерсе деген.
Алқабилер алдында сөйлеген сөзінде қорғау тарабы ұзаққа созылған отбасылық жанжал мен эмоциялық қысым әйелдің әрекетін түсінуге маңызды болуы мүмкін екенін айтқан. Адвокат Нұрпейісов пышақ салмас бұрын әйел үйден шығып кетіп, басқа адамдардан телефон сұрағанына және полиция шақырмақ болғанына назар аударған.
Адвокат Нұрпейісовтің айтуынша, марқұмның туыстары алқабилер шешіміне келіспеген. Оның сөзінше, олар әйелден 60 млн теңге өндіру туралы азаматтық талап қойған.
Азаттық марқұмның жақындарынан пікір алуға тырысты: сот құжаттарында көрсетілген нөмір мен өзге де деректер бойынша марқұмның туыстарын табу мүмкін болмады.

Основное содержимое страницы с новостью.

Көрнекі сурет.

Айдар

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Қазақстанда "сайлау барысына кедергі келтірді" деген баппен сотталған жалғыз адамға амнистия қолданылмайды08.4503-06-2026
2"Атажұрт" белсендісі отырған камерада төбелес болғаны хабарланды. Түрме әкімшілігі жоққа шығарды09.3820-03-2026
3Бас прокуратура Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жасады08.9221-08-2026
4Журналист абақтыда "батарея жұтқан". Түрме басшылығы мұны растамады08.4406-08-2026
5"Қазақстанда азаматтық қоғамның кеңістігі тарылған". ЕО-ның адам құқығы туралы есебінде не айтылған?08.3612-08-2026
6Алматы облысында ХҚКО маманы қызметтік көлікпен адамды қағып кетті08.9219-08-2026
7Ақтастағы жабық ауруханада не болып жатыр? Науқастар ондаған видео жолдады 08.8213-08-2026
8Бюллетеньді алған кім? Құқық қорғаушының орнына басқа адам дауыс берген 012.6417-03-2026
9Саябақта екі қызға тиіскен ер адам қамауға алынды015.2615-08-2026
10Емдей ме, азаптай ма: Ақтастағы жабық ауруханада не болып жатыр? 09.0513-08-2026

Классификация: Происшествия. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 10. Тональность: 0. Информативность: 9.6. Источник: www.azattyq.org.