Вход на сайт

Просмотр новости

Найдите то, что Вас интересует

Астанада 103 жаста болған соңғы ардагерді ақтық сапарға шығарып салды

Дата публикации: 12-08-2026 12:38:20

Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген

Основное содержимое страницы с новостью.

https://sputnik.kz/20260812/astanada-103-zhasta-bolgan-songy-ardagerdi-aqtyq-saparga-shygaryp-saldy-65657610.html

Астанада 103 жаста болған соңғы ардагерді ақтық сапарға шығарып салды

Астанада 103 жаста болған соңғы ардагерді ақтық сапарға шығарып салды

Sputnik Қазақстан

Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген 12.08.2026, Sputnik Қазақстан

2026-08-12T17:38+0500

2026-08-12T17:38+0500

2026-08-12T17:39+0500

астана

ардагер

ұлы отан соғысы

https://sputnik.kz/img/07ea/08/0c/65655515_0:56:1083:665_1920x0_80_0_0_8caaf8e81f2a640bf264ff366e937e5e.jpg

АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешев 103 жаста дүниеден өтті. Бүгін елорданың соңғы майдангерін ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.Ардагермен қоштасуға қорғаныс министрлігінің өкілдері, Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, мәслихат пен аудан басшысы келді. Ал қорғаныс істері басқармасының бастығы подполковник Серік Қасенов майдангердің отбасына қорғаныс министрі атынан көңіл айтты.Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Кеңес әскері құрамында Ржев түбіндегі шайқастарға, Великолукск шабуыл операциясына, Польша мен Венгрияны азат етуге қатысып, Жеңісті Берлинде қарсы алды. Байкешев ерлігі мен батылдығы үшін I және II дәрежелі Отан соғысы ордендермен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталған.Бүгінгі қоштасу рәсіміне Құрмет қарауыл ротасы мен әскери оркестр де қатысты. Ал салют командасы қарудан үш дүркін оқ атты.Соғыс ардагері Қабанбай батыр ауылында жерленді. Ол осы жерде ұзақ жылдар бойы совхозда экспедитор болып еңбек еткен.Айта кетері, жақында Оралда Халық қаһарманы Иван Степанович Гапичті ақтық сапарға шығарып салған. Ол да 103 жасында өмірден өтті.

https://sputnik.kz/20260213/qazaqstanda-76-mynnan-astam-ardager-bar-61150295.html

астана

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

2026

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

Жаңалықтар

kk_KK

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

https://sputnik.kz/img/07ea/08/0c/65655515_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_c97a029e41f481a38bc7bab18521477c.jpg

Sputnik Қазақстан

media@sputniknews.com

+74956456601

MIA „Rossiya Segodnya“

астана, ардагер, ұлы отан соғысы

астана, ардагер, ұлы отан соғысы

17:38 12.08.2026 (жаңартылды: 17:39 12.08.2026)

Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген

АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешев 103 жаста дүниеден өтті. Бүгін елорданың соңғы майдангерін ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ардагермен қоштасуға қорғаныс министрлігінің өкілдері, Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, мәслихат пен аудан басшысы келді. Ал қорғаныс істері басқармасының бастығы подполковник Серік Қасенов майдангердің отбасына қорғаныс министрі атынан көңіл айтты.

Рзағұл Байкешев 1923 жылы 18 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Кеңес әскері құрамында Ржев түбіндегі шайқастарға, Великолукск шабуыл операциясына, Польша мен Венгрияны азат етуге қатысып, Жеңісті Берлинде қарсы алды. Байкешев ерлігі мен батылдығы үшін I және II дәрежелі Отан соғысы ордендермен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Бүгінгі қоштасу рәсіміне Құрмет қарауыл ротасы мен әскери оркестр де қатысты. Ал салют командасы қарудан үш дүркін оқ атты.

Соғыс ардагері Қабанбай батыр ауылында жерленді. Ол осы жерде ұзақ жылдар бойы совхозда экспедитор болып еңбек еткен.

Айта кетері, жақында Оралда Халық қаһарманы Иван Степанович Гапичті ақтық сапарға шығарып салған. Ол да 103 жасында өмірден өтті.

Ардагер - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2026

Схожие новости

#Наименование новостиТональностьИнформативностьДата публикации
1Бақытбек Бәмішұлы: Олжастың образын сомдау оңай емес….010.3530-05-2026
2Астанада Есіл өзенінен ер адам құтқарылды06.9416-08-2026
3Қостанайда бұрынғы әйелін аңшылық қарумен қасақана атып өлтірген ер адам сотталды01012-08-2026
4Қарағандыда өз жұмыс орнын тонаған әйел ұсталды09.0713-08-2026
5Боз кілемдегі тартыс: Qazaqstan Barysy-2026 атағы кімге бұйырады?011.1814-08-2026
6Каспий теңізіне батып кеткен ер адамның мәйіті 9 шақырым қашықтықтан табылды0527-06-2026
7В Казахстане умер основатель агентства Tengrinews Батыр Казыбаев0027-03-2022
8В Казахстане в возрасте 103 лет умер ветеран Великой Отечественной Иван Гапич016.0404-08-2026
9"75чилердин каты" боюнча соттук жараян кийинкиге жылды06.7510-08-2026

Классификация: Информация. Схожих патентов: 0. Схожих новостей: 9. Тональность: 0. Информативность: 23.64. Источник: sputnik.kz.