Фото: ҚР ТжСМ Спортты дамыту дирекциясы Көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында көпсайыс бағдарламасының финалы аяқталды. Қазақстан құрамасының жас спортшысы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева дүбірлі додада 6-орынға тұрақтады. 16 жастағы отандасымыз төрт жаттығудың қорытындысында 116.000 ұпай жинап, өзінің халықаралық аренадағы жоғары нәтижелерінің біріне қол жеткізді. Көпсайыстың қорытындысында: бірінші орын Дарья
The post Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында 6-орын алды first appeared on Мінбер - Ақпарат агенттігі.
Фото: ҚР ТжСМ Спортты дамыту дирекциясы
Көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында көпсайыс бағдарламасының финалы аяқталды. Қазақстан құрамасының жас спортшысы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева дүбірлі додада 6-орынға тұрақтады.
16 жастағы отандасымыз төрт жаттығудың қорытындысында 116.000 ұпай жинап, өзінің халықаралық аренадағы жоғары нәтижелерінің біріне қол жеткізді.
Көпсайыстың қорытындысында: бірінші орын Дарья Варфоломеева (Германия) – 119.500 ұпай, екінші орын Стилияна Николова (Болгария) – 117.600 ұпай, үшінші орын София Раффаэли (Италия) – 117.550 ұпай. Ал Ақмарал Ерекешева – 116.000 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.
Осылайша қазақстандық спортшы әлемнің ең мықты көркем гимнасттары арасында үздік алтылықтан орын алды. Бұл нәтиже Ақмаралдың спорттық мансабындағы маңызды белестердің бірі.
Өйткені әлем чемпионатының жеке көпсайыс бәсекесінде 73 елден 102 спортшы бақ сынады. Яғни қазақстандық гимнаст әлемдік доданың ең үздік спортшылары шоғырланған финалында өнер көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті.
Ақмарал Ерекешева үшін әлем чемпионаты мұнымен аяқталған жоқ. 16 тамызда ол жекелей жаттығулар бойынша финалда бақ сынайды. Қазақстандық спортшы таспа және ұршық жаттығуларында жүлде үшін күреседі.
Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған Ақмаралдың ересектер арасындағы әлемдік бәсекеде де өз деңгейін көрсетуі – отандық көркем гимнастиканың болашағы зор екенін көрсетеді.
Ендігі кезекте жанкүйерлердің назары 16 тамыздағы финалдарға ауып отыр. Ақмаралға сәтті өнер көрсетіп, Қазақстанның көк туын әлемдік аренада тағы бір мәрте биіктен желбіретуіне тілектеспіз!
Түгелбай Бисен,
БҚО, Орал қаласы
Парақшамызға жазылыңыз
| # | Наименование новости | Тональность | Информативность | Дата публикации |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Гимнастка Ерекешева вышла в три финала на чемпионате мира в Германии | 0 | 9.7 | 14-08-2026 |
| 2 | Тарихи жетістік! Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден әлем чемпионы атанды | 0 | 6.71 | 30-07-2026 |
| 3 | Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының финалына шықты | 0 | 5 | 27-06-2026 |
| 4 | Боз кілемдегі тартыс: Qazaqstan Barysy-2026 атағы кімге бұйырады? | 0 | 11.18 | 14-08-2026 |
| 5 | Қазақстандықтар әртістік жүзуден әлем чемпионатында бақ сынайды | 0 | 15.26 | 12-08-2026 |
| 6 | Алматылық спортшы тарихи алтын медаль жеңіп алды | 0 | 10 | 14-08-2026 |
| 7 | 16 рекордов и первое место: успех тяжелоатлетов Казахстана | 0 | 13.68 | 16-08-2026 |
| 8 | «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирін дебютант Жантілек Нұртілепұлы жеңіп алды | 0 | 8.95 | 15-08-2026 |
| 9 | Семь золотых медалей привезли шымкентские легкоатлеты с чемпионата РК | 0 | 14.83 | 28-07-2026 |
| 10 | Арина Аверина завоевала золото в многоборье на этапе Гран-при по художественной гимнастике | 0 | 0 | 29-02-2020 |