Салеметсізбе мен енді біліп жатырмын кешірім сұраймын мен көп балалы анамын бизнес мал алсам болады ма?
Көп балалы аналардың көңілін толғантқан тағы бір мәселе – үйде отырып, бизнесті қалай бастауға болады? Бірақ олардың көбі бизнес бастау үшін 583 мың теңгенің қайтарымсыз гранты барынан бейхабар.
“Мінбер” сайтының кезекті эфирі “Бастау-бизнес” курсына қатысып, қалай қайтарымсыз несиеге қол жеткізуге болады, жергілікті әкімшіліктердің тағы қандай бағдарламалары бар деген сауалдарға жауап іздеді. Бағдарлама қонақтары:
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес бөлімінің бастығы Меруерт Қасымова.
Нұржан СЫЗДЫҚОВ, Қарағанды қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры.
Дияра Ташметова Алматы қаласы Кәсіпкерлікті қолдау орталығының Жобаларды жүргізу департаментінің жетекші менеджері
Бақытты Канапина, көп балалы кәсіпкер ана, грант ұтып алған ана.
Әңгіме барысында болашақ кәсіпкерлер Алматы қаласының Кәсіпкерлікті қолдау орталығының инновациялық жобаларға 2-ден 5 миллионға дейін қайтарымсыз гранттарын қалай алуға болады? “Бастау-бизнес” курсына қатысып, қалай қайтарымсыз несиеге қол жеткізуге болады немесе біршама төмен пайызбен несиеге қол жеткізуге болады секілді сауалдарға жауап ізделді. Модератор Риза Исаева.
Жоба MediaCAMP Internews Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады.
Парақшамызға жазылыңыз